Әрбір елдің білім жүйесінің негізгі мәселелері
Предмет: | Обществознание |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Примкулова Бадигул Замзеевна
|
Әрбір елдің білім жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі – өзіне тән ұлттық мәдени ерекшеліктері мен тұжырымдамасын әзірлеу, ұлттық тілді өркендету және дамыту. Ұлттық тілдің ықпалды дамуы – әрбір елдің келешегі. Себебі ұлттық тілдің дамуы ұлтаралық қарым-қатынасқа және саяси интеграция жолына кедергі болмайды, өйткені барлық елдердің тарихы да, әлеуметтік де жағынан өз тілінің болуы табиғи қажеттілік.
Халық ұрпақтан-ұрпаққа қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын аға ұрпақ өзінен кейінгілерге мұра ретінде қалдырып отырады, сонысымен қоғамның материалдық және рухани мәдениетін жасайды. Осылайша сабақтастық жалғасып жаңа буын адамзат баласының басынан өткерген тарихынан ең таңдаулыларды өз бойына сіңіреді және ең озық үлгілерін дамыта беруге, қоғамның рухани құндылығының сан тіршілігін жаңа жағдайда байыта түсуге мүмкіндіктер туады. Халықтың қалып-салтын, мінез байлықтарын, салт-дәстүрлерін, эстетикалық талғамын және психологиясын осы халықтың өткен дәуірлердегі хатқа түскен жазба мұралар тілінен танып білуімізден де болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.19 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |