Редактордың командалары. Үзінділермен жүргізілетін әректтер.
Предмет:
Информатика
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Ибраева Саягуль Серикбаевна
Здесь была ссылка на работу Редактордың командалары. Үзінділермен жүргізілетін әректтер. автора Ибраева Саягуль Серикбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Информатика 7-сынып Сабақтың тақырыбы: Редактордың командалары. Үзінділермен жүргізілетін әректтер. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету; 2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту; 3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру; Сабақтың түрі: қайталау сабағы Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе- түсіндіру, жеке жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: ДК, кеспелер, тест, ватман. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Жаңа сабақ ІV.Сарамандық жұмыс V. Үйге тапсырма VІ. Қортындылау І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Демалыс сәті Қол саусақтарына арналған жаттығулар • Алақанды уқалау. • Қолды қысу • Білезіктен айналдыру Көзге арналған жаттығулар. • Көзді бірнеше рет жыпылықтату. • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай солға қарай ұараймыз ІІІ. Жаңа сабақ. Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған. PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады. Редакторды іске қосу үшін: a. Іске қосу (пуск) батырмасын шертеміз. b. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз. c. Ашылған менюден Стандартты командасын таңдаймыз. d. Келесі менюден Рaint графикалық редакторын таңдаймыз. Енді бұл тізбекті мына түрде жазамыз: Іске қосу - Барлық программалар – Стандартты - Рaint (Пуск-Программы-Стандартные-Рaint) Түстер палитрасы Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік-сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы-құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар. Түстер палитрасы Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі-біз онымен сурет салатын түс және қосымша-бұл фон беретін түс. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі-қара, ал фонның түсі ақ болып шығады. Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет. 2. Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау. Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады. 3. Кескіннің түсін таңдау. Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батрмасын шертеміз. 4. Фонның түсін таңдау. Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істеген қажет. ІV. Сарамандық жұмыс 1- тапсырма:( Тақтамен жұмыс) Бір көзіңмен «кідір» дейді, Бір көзім «жүгір» дейді. Бір көзім «абайла» дейді «Қарап ал маңайға» дейді Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал 2-тапсырма: (Жұппен жұмыс) Ұзынды-қысқа қос тіл, Он екі цифрмен дос бұл. (сағат) №3 тапсырма. (Компьютермен жұмыс) 1. Paint бағдарламасын іске қосыңыздар 2. Эллипс құралын пайдаланып мына суретті салыңыздар 3. Суретті өз қалауларың бойынша бояңыздар 4. Суретке “Бейне” атын беріп сақтаңыздар. V. Қорытындылау: Техникалық диктант Paint бұл графикалық редактор. Paint графикалық редакторында негізгі екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 16 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан. VІ. Оқушыларды бағалау VІІ. Үйге тапсырма: Paint графиктік редакторы тақырыптарын оқып, суретті аяқтау.