Рефлексивный отчет

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Байжанова Салтанат Хилуетовнаның 6 «В«сыныбында Ангаралиева П. Б. өткізген бірінші ашық сабақ бойынша рефлексивтік есебі     Біздің мектепте 6 сыныптар арасында соның ішінде 6 «В«сыныбында сабақты зерттеу немесе Lesson Study  тәсілін енгізген болатынбыз. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі, 1870 жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту  мен жетілдіру мақсатында пайда болған үдеріс. Осы мақсатпен, яғни мұғалімдердің оқу сапасын арттыру үшін және  оқушылардың  оқу үдерісін зерделеуде біз, қазақ тілі пән мұғалімдері 6 «В» сыныбын таңдадық.  Сонымен бірге бұл тәсілдің ерекшелігі  бір мұғалім сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады. Сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұнымен қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады және А (үздік) оқушы, В (орташа) оқушы, С (білім деңгейі төмен) оқушыны таңдап алдық. Мұндағы мақсатымыз жоғарыда айтылғандай оқушылардың білім деңгейін көтеру болатын. Біздің зерттеу сабағымыздың жоспарын бірінші деңгей курсын тәмамдаған қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі  Ангаралиева П.Б. құрастырды. Біздің команда бірнеше топ мүшелерінен тұрады, топ мүшелері бірнеше рет отырыс жасап, жоспарымызды талқылап алған болатынбыз.                                     Жоспарды талқылау барысында     Жоспар бойынша бірінші зерттеу сабағын қаңтар айында  Ангаралиева П. Б. өткізетін болды. Сабақты зерттеу үшін бірнеше мұғалімдер қатысты, мектеп директоры Абильдаева Г.С., директор орынбасары Шатырбекова А.А., қазақ тілі және әдебиеті  ӘБ жетекшісі Ирбаева Н.Т., қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Сейданова Р.С., Сералиева М.Ж. және тағы басқа. Мұғалімдер оқушыларды өздері бөліп алып, зерттеу жұмысын жүргіздік. А оқушы өте білімді, сауатты, бірақ топта жұмыс жасағанды ұнатпайтын, білімін ешкіммен бөліскісі келмейтін оқушы  болатын. Алдыңғы сабақтарға қарағанда А оқушы бірінші ашық сабақта  нәтиже бере бастады, өзінің тобын жетелеп, берілген  тапсырмаларды топпен бірге талқылап, шешіп отыруға тырысты. В оқушы жақсы оқитын оқушылардың бірі, бірақ өздігінен қол көтеріп, жауап бермейді, ол оқушыдан сұраған кезде ғана жауап береді. Мен В оқушының іс-әрекетін зерттеп отырдым. Оқушы сабаққа кіріп кете алмады, бірақ  топтық жұмыста тапсырмаларды орындап отырдап отыруға тырысты.  Перуза Байрамовна  өткізген бірінші ашық сабақта С оқушы нәтижеге қол жеткізе алмады, өйткені оқушының  сабаққа қызығушылығы болмады, тапсырмалар  орындалмады.    Сабаққа Валиева Хаджар, Умарова Замира, Мирзахметова Жазерке, Есжанова Мадина және тағы басқа оқушылар өте белсенді қатысып, жауап беріп отырды. Оқушылар өз ойларын қысылмай өте жақсы жеткізіп отырды, олардың сабаққа деген қызығушылығын көруге болады.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 168.94 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 176

Похожие материалы