Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Абдешова Жанна Амангельдиновна
|
Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту, белсенді, ұйымшыл болуға, жаңа бастамаларды орындауға тәрбиелеу.Фанфар!!!1 – жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, ата – аналар және мектеп оқушылары! Баршаңызды ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, өздерінің білімімен, өнерімен, қабілетімен көзге түскен мектеп оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер.2 – жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата – аналар және мектеп оқушылары. Еліміздің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін – өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:
Мектеп оқушылары, түзеліп, тік тұрыңдар!
Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы енгізілсін.
(«Жас Ұлан» ұйымының Туы кіреді)
Әнұран орындалады
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.9 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |