Риторика. 1-сыныпқа арналған арнайы тіл дамыту бағдарламасы және бағдарламаға бейімделген материалдар.

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Павлодар қаласындағы №39 гимназиялық сыныпты орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Риторика.

1-сыныпқа арналған арнайы тіл дамыту бағдарламасы және бағдарламаға бейімделген материалдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 жыл.

Құрастырған: Павлодар №39  жалпы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: К.Г.Смагулова.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат.

«Риторика» курсы – гуманитарлық сипатта білім біліктілікті тіл арқылы жүзеге асыруға, әрбір адам өміріне аса қажет коммунитивтік жағдайда еркін араласуға көмектеседі. «Риторика» курсының басқа курстан айырмашылығы білімді қолдану меңгерумен тығыз байланысты болса, ал риторика курсында біліктілік қатар жүреді. Біліктілік пен қалыптастру практика жүзінде іске асады. Практика неғұрлым көп өтелсе, соғұрлым біліктілік пен қалыптасу сапалы болады.

Сондықтан бұл курстың ерекше міндеті – әрбір оқушы сабақ үстінде көп сөйлеп, өз ойын, тілін жаттықтыру керек.

Сөз – тіл – сөйлеу – негізгі халық мәдениеті.

Егер оқушының сөйлеу қабілеті төмен, тіл байлығы жетілмесе ол қауіп туғызады, тіпті ойлау қабілетін де төмендетеді.

            Сөз бен ой бір-бірімен тығыз байланысты.

            Ежелгі грек халқы тек айтпаған: «Кім сөйлеу білмесе, ол ойлауда білмейді».

            Риторика курсының негізгі мақсаты мен міндеті – оқушыларды түрлі коммуникативті жағдайда емін-еркін оңай араласуға үйрену.

            Бастауыш сыныпта баланың дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуіне, ой өрісінің жан-жақты дамуына тікелей әсер беруге алғаш сауаттандырып, жас жеткіншектерді әсемдікке, әдемілікке, ойлылыққа, асқақ адамгершілікке тәрбиелеуде көркем шығарманы өз дәрежесінде оқытудың мәні өлшеусіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып оқушылары көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу үшін автордың шырайлы тіліне, риторикалық сөз саптау мәнеріне риза болу үшін алдымен анатомиялық мүшелерінің қызметін, соның ішінде дыбыстау мүшелернің қызметін жетік біліп, әрбір тіл дыбысы қалай жасалады? Қалай естілді? Қалай оқылады? – дегенге баса назар аударып жаттығу.

1-сыныпта «Риторика» курсы бойынша оқу жоспарында барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат бөлінген. «Риторика» курсы бойынша оқыту төрт кезеңге бөлінеді:

-       Сөйлеу техникасы – 8 сағат;

-       Сөйлеу мәдениети – 8 сағат;

-       Логика (практикалық жұмыс) – 8 сағат;

-       Тіл ұстарту (қорытынды) – 10 сағат:

     Мазмұны: 1-сыныпта әртүрлі коммуникативті жағдайда емін-еркін араласу, риторика курсының мағынасынан түсінік алу, «өнер алды – қызыл тіл» арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы, қарым-қатынас түрлері туралы, сонымен қатар тіл мәдениеті, сөйлеу этикеті жайлы, тіл ұстарту (ауызша, жазбаша тіл мәдениетін дамыту), неологизмдер қарастырылған. Халық ауыз әдебиетиндегі персонаждармен сабақ барысы берілген.

     «Риторика» курсынан 1-сынып бойынша күн тізбелік жоспары: 34 сағат, аптасына 1 сағат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Сөйлеу техникасы – 8 сағат.

1-сабақ. «Күз кереметі».

Тақырыбы: Сөйлеу техникасы туралы ұғым.

1.    Оқушылармен танысу.

2.    Кітап оқу туралы, риторика туралы ұғым беру.

3.    Мәнерлеп оқуға даярлау (диафрагманың қозғалысын бақылау) жаттығу жұмыстары.

4.    Дыбыстау мүшелерінің қызметі (әрбір тіл дыбысы қалай жасалады, қалай естіледі, қалай оқылады?).

5.    Сөйлеу техникасын жете меңгеру, дұрыс сөйлеуіне ерекше назар аудару (тіл дыбыстарын аяқтау, ашық айтуға үйрету).

Сөйлеу техникасына мыналар жатады : тыныс алу (ауаны ішіне жұту, сыртқа шығару), дауыс дикциясы.

6.    Бақылау жаттығулары: өзі білетін өлеңді дауыстап оқып, тыныс алу ережесін қолдану, өзіне-өзі бақылау жасау.

 

2-сабақ: «Амансың ба Саққұлақ!»

Тақырыбы: Ерікті дем алуды қалыптастыру.

1.    Туған халқымыздың мәдениетін игеруге, ана тілін жетік білуге құштарлығын арттыру. (Балалар фольклорының жанры).

2.    Жаңылтпаш дегеніміз не ?

3.    Ерікті дем алуды қалыптастыру, үнемі жаттығулар комплексін жасап үйрену (жаттығулар).

4.    Сөздің қорын нығайту, жаңылтпаштар оқып жаттығу, дұрыс дем алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сабақ: «Қожанасырдың қойыртпағы».

Тақырыбы: Тіл дыбыстарының артикуляциясы.

1.    Тіл дыбысының анық, таза айтуға қалыптастыру (тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстату, әр бір тіл дыбысын анық айтуға жаттықтыру).

2.    Тыныс алу ережесін сақтап тіл дыбыстарының ерекшелігін тексеріп оқу.

3.    Тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысын қалыптастыру үшін жаттығу жұмыстары:

-       Жаңылтпаш

-       Тақпақ

-       Жұмбақ айту

 

4-сабақ: Бүгін қонақта «Тау соғар».

Тақырыбы: Дауыс күшейткіштердің қызметі.

1.    Дауыс күшейткіштерінің қызметі мен дауыс шымылдығының ауруға ұшырамауы.

2.    Түрлі жанрға дауыс қоя білу (жаттығу жұмыстары).

3.    Өз дауысыңды икемде (бақыла).

4.    Жаттығулар (маңқа, мыңқылдап сөйлеу, дауыстың қарлығуы неліктен?). Мәнін, ертегі, өлең оқу.

 

5-сабақ.

Тақырыбы: Дауыс қарқыны

1.    Дауыс қарқыны деген не ?

2.    Дауысты тақырып мазмұнына қарай құбылту, сауаттылықты білдіреді.

3.    Дауыс қарқыны рташа, жай, тез оқу.

4.    Жаттығу жұмыстары «Әже мен немере», «Ақ сандық, көк сандық».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сабақ.

Тақырыбы: Дауысты құбылту.

1.    Дауысқа ешқандай күш түсірмей-ақ  жұмсақ, жылы леппен, көңілді оқу.

2.    Өлең оқығандағы дауыс құйылысы мен сазы, бояу – нақышы.

3.    Тауысты тақырып мазмұнына сай құбылту.

4.    Жаттығулар (дауыс құбылысы, сазына, бояу нақышына келтіре, өз дауысыңды бақылау үшін өлең оқы, мысал өлең оқу).

«Үш жалқау» мәтін. «Туған өлкем» Ө.Тұрманжанов. («Ақ сандық, көк сандық», мәнерлеп оқу).

 

7-сабақ.

Тақырыбы: Дауыс ырғағы (интонация).

1.    Дауыс ырғағы деген не?

2.    Дауыс ырғағын сөйлеудің мағыналы болуы.

3.    Көңіл күй мен ішкі сезімін, жан дүниесін тыңдаушыға алуан дауыс реңі арқылы жеткізу (жаттығу жұмысы).

4.    Ойын «Дауысынан таны». Дауыс сазына келтіріп мағыналық екпін қойылып оқылатын тіркестерді табу.

«Суайт бала мен қарт». («Ақ сандық, көк сандық»).

 

8-сабақ.

Тақырыбы: Өткенді бекіту. Қорытынды.

Конкурс: Жаңылтпашты жаңылмай айт.

1.    Оқуда, сөйлеуде сөйлеу техникасын қолдану, бекіту.

Дұрыс тыныс алу, дауыс дикциясын дұрыс қолдану.

2.    Қазақ тіліне деген құштарлықты арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.Сөйлеу мәдениеті – 8 сағат.

1-сабақ.

Тақырыбы: Сөйлеу не үшін қажет?

1.    Тіл – қатынас құралы.

2.    Сөйлеу (элементі):

Дыбыс, сөз, мәтін.

3.    Берілген сөздерден сөйлем құру. Жаттығу жұмыстары. Буын, сөз, сөйлем, тірек сызбаларымен жұмыс.

 

2-сабақ.

Тақырыбы: Сөйлеу түрлері.

1.    Сөйлеу түрлері (ауызша, жазбаша). Тіл ұстарту.

2.    Мимика, қимыл көрсету арқылы сөйлеу.

3.    «Мен нені армандаймын» ойын мимика арқылы көрсету.

 

3-сабақ: «Өнер алды – қызыл тіл».

Тақырыбы: Туыстас тілдер.

1.    Дүниежүзі – тілі. ІӘр тілдің сөздіктері (аударма).

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.19 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 84

Похожие материалы