Құрманғазы Сағырбайұлы
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Баймуханов Айдын Салибаевич
|
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818 – 1889) – қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделі ауылында дүниеге келген. Әкесі Сағырбай нәрестені қолына алып: «Бүгін Құрбан айт екен, сенің атың Құрманғазы болсын» деп жариялаған. Ол тез ер жетеді. Әкесі оны алты жастан жұмысқа береді. Сол кезден домбырасын қолынан тастамай, естіген әнін, күйін тартады. Ауыл қарттарын жағалап, оларға күй тарттыратын. Күйлердің мазмұны туралы түрлі әңгімелер тыңдайтын. Күйшінің «Аман бол, шешем, аман бол», «Кішкентай», «Ақбай», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың», «Көбік шашқан» т.б. күйлері нақты болған оқиғаларға байланысты шығарылған, әрқайсысының тарихи негізі бар туындылар.
Мысалы, «Кішкентай», «Көбік шашқан» атты күйлері Исатай-Махамбет көтерілісіне арналса, «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың» т.б. күйлер сазгердің өз өміріне қатысты туған, патша үкіметі, билік иелері тарапынан көрген қуғын-сүргінге байланысты шыққан.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 34.29 Kb |
Количество скачиваний: | 84 |