Құрманбек Зейтінғазыұлының өмірі мен ақындық ерекшелігінен бір үзік сыр
Предмет:
ОБЖ
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Рысхан Тынысбек Рысхан
Здесь была ссылка на работу Құрманбек Зейтінғазыұлының өмірі мен ақындық ерекшелігінен бір үзік сыр автора Рысхан Тынысбек Рысхан.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Бұл мақала Ерте заманнан бері жер бетіндегі халықтар ішінде «өмірі –өлең» болып бір қанатын ат, ендігі бір қанатын ән етіп келе жатқан халық бар десек әрине ол қазақ халқы екендігі шындық. Қазақ халқы өзінің елдігі мен ерлігін тарихта тамаша жырлармен тасқа басқан таңбадай етіп жазып қалдырғаны бізге мәлім. Топты жарып қол бастаған, жауды жеңіп жол бастаған батырдаң ең жақын серігі де, сенері де астындағы аты болса, ерлігін жалпақ жұртқа жайып, елдігін айқындап көрсететін алып жарнамасы –өлең болып келген. Ежелгі заманалардан бүгінге дейін жалғасып, күн өткен сайын өзінің озық кемелін көрсетіп келе жатқан сара да, дара дәстүрімізге айналып, көзіміздің қарашығындай болып, қалың қауымның құрметтеуіне ие болған, асыл өнеріміз – ақындар айтысы. Қазақ бар жерде қанына сіңген асыл қасиет те жойылмақ емес. Сөзге тиек еткелі отырғанымыз, бүгінгі «аспан асты елі» атанған Қытай халық республикасының Шинжяң ұйғыр автономиялы раионында( бұрынғы Шығыс Түркістан) өмір сүріп жатқан қандастарымыздың айтыс сахнасында артына өшпестей із қалдырған, тамаша жырларымен тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, жақсы жырларымен қара ормандай халқына рухани ләззат сыйлап өмірден өткен бірегей ұлдарының бірі, ақиық ақын Құрманбек Зейтінғазыұлы жайында болмақ.