Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары_____

Мерзiмі: 15.04.2015жыл.

№ 29 - сабақ

Тақырыбы: Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған.

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Сыйлау,ақылмен шешу,өнегелілік

Мұғалiм:Жаниязова Гүлдана

Класс 7 «А» Оқушылар саны _

Сабақ мақсаты: Оқушыларға ұлы адамдардың өмірі мен еңбектері жайында мәлімет бере отырып,қызметінің мәні туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- Оқушыларды ұлы адамдардан өнеге, үлгі алуға баулу;

- Ұлы адамдардың жақсы істерін сезініп көруге,оларды қадірлеп-бағалай алуға үйрету;

- Ақылмен шешуге,өнегелілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

,видио жазба,фото суреттер,музыка

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :

Бекболат бидің Абылай ханға айтқаны.

Мазмұнына байланысты 3 сұрақ

Абылай хан өлмейтінге нелерді жатқызды?

Бекболат би қандай жауап қайтарды?

Адамның қандай істері мәңгілік есте қалады?

Құндылығына байланысты 3сұрақ

Ұлы адамдардың ұлағатты істері неліктен ұмытылмайды?

Жақсы адам қандай болады?

Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын,ұлты да ойламас болар»

Р.Ғамзатов

Ұлт қамын ойлау дегенді қалай түсінесіңдер?

Бәріміз қосылып айту.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

· Шығармашылық жұмыс

Ұстазым менің,ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс жазым.

Қалдырған ізі мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып.

Ұстазым менің,ұстазым

Кімдерді ұстаз тұтасыңдар?

Сендер кімдерді ұстаз тұтасыңдар? Неліктен?

Ұлы адамдардан бір сыр.

1.Әбу-Насыр Әл-Фараби,А.Байтұрсынұлы,

Мұстафа Шоқайдың қандай еңбектерін

білесіңдер?

2.Өмірлік мақсаттарың қандай?

3.Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

1. Топпен ән айту.

« Ән аға »

Әні-Қ.Құрманалиев,

сөзі-И.Исаев

Үй тапсырмасы.

30-сабақ.Дұрыс әрекет құндылығына байланысты 143 беттен «Бауыржан Момышұлы» мәтінін оқып келу.

Дәптердегі 29-сабақ, 45 беттен 1-тапсырманы орындап келу.

2. Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары_____

Мерзiмі: 14.04.2015жыл.

№ 27 - сабақ

Тақырыбы: Табиғатқа құштарлық.

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: табиғатты сүю,қорғау,қадірлей білу

Мұғалiм:Жаниязова Гүлдана

Класс 1 «А» Оқушылар саны _

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «табиғат» ұғымын түсіндіре отырып оны аялауға,қорғауға,өз сүйіспеншіліктерін төгуге баулу.

Міндеттері:

- «Табиғат» ұғымын ашу;

- Балалардың табиғатқа деген аялы қарым-қатынастарын дамыту;

- Табиғатты сүюге,қорғауға,қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

,видио жазба,фото суреттер,музыка,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Орманға серуен» (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:

Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз.

Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді , қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :

Табиғат деген не?

Мазмұнына байланысты 3 сұрақ

1.Неліктен табиғатты анаға теңе

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.48 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 159

Похожие материалы