Рухани – мәдени құндылықтар жүйесі және жастар
Предмет: | Директору-завучу |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Иштаева Фарида Куанышкалиевна
|
Бүгінгі әлемдік қоғамдастық қызығушылық танытып,ерекше мән беріп отырған түрлі құндылықтар ел ертеңінің еңселі болуында өзіндік үлес салмағын байқатуда. Соның түпкілікті бір тармағы ретінде жастарды отансүйгіштікке, көшбасшылыққа тәрбиелеу болып табылады. Біз қазіргі жас буын мемлекеттік тәуелсіздігімізді алып, демократиялық рефоромалар мен нарықтық көзқарас өзгерген жаңа заманда өсіп келеді.
Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт! Республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты.
Қазақстанның ХХІ ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға үлкен үміт артылуда, зор жауапкершілік жүктелуде.
Қазақстан жастарына білім деңгейінің жоғары болуы тән.
Жоғары білімі бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, арнаулы орта білімі бар жастардың саны 2 есе дерлік өсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 6 есе, қала жастарының саны 4 есе өсті. Тұтастай алғанда, Қазақстан жастарының 40 % - ының жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білімі бар.
Қазіргі таңда инновация, интеллект, көшбасшы деген сөздерді көбірек еститін болдық. Сондықтан жастар мен балалардың көшбасшылық деңгейін дамыту өмір талабы. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме алдына қойылатын талап тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, оқушылардың ұлттық сана - сезімін ояту,ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру, белсенділікті арттыру,көшбасшылық қабілеттерін шыңдау-өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.56 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |