Сақ тайпалық одағы және тәуелсіздік үшін күресі

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
  Ж.Б.Ислямгалиева Амангелді орта мектеп-балабақшасының тарих пәні мұғалімі Тасқала ауданы Батыс Қазақстан облысы Сақ тайпалық одағы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Сақтардың тарихы, мекендеген орыны ша-руашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері елі үшін тәуелсіздік жолында күрес-тері жайында алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректерді пайдаланып, сақтар тақырыбы бойынша қорытындылау.

Дамытушылық:Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру. Тәрбиелік:Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Cабақтың көрнекілігі: Карта . Интерактивтік тақтада:Слайдтар:   - Сақтардың зергерлік бұйымдары;          - Сақтардан қалған ескерткіштер;- Сақ қоғамындағы тұлғалар;     - Алтын адам;

3. Түрлі әдістер:-  Кестені толтыру;               -жұмбақтар шешу;

                                - жоба қорғау;                       - сөзжұмбақ шешу;

                                -семантикалық карта               

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

 Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 Оқушыларды сабаққа тарту, әрі қызығушылығын ояту:  «Жұлдызды сәт» ойыны

1.Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген қандай тайпаларды білесің?

(сақ,үйсін,қаңлы)
2.Сақтар қай кезеңде,қай жерді мекендеді?

(б.з.б.I мыңжылдықта орта Азия,Қазақстан,Шығыс Түркістан)
3.Сақтар қандай елдермен байланыс жасады?

(б.з.б. VII бастап Ассирия,Мидия, Ахеменидтік парсы,)
4.Орта Азия,Қазақстан жеріндегі сақ тайпаларына тән қандай ерекшеліктері болды?

(Бас сүйегі шығыңқы,беті жалпақ,көзі ұялы,қабақ сүйегі шығыңқы,кеңсірігі дөңестеу)
5. Даридың сақтарға жасаған жорығы туралы айтылған ежелгі жазба.(Бихустун)
6.Грек тарихшылары сақтарды қалай бағалаған?(батыр,жауынгер,дұшпанға қатал,досқа адал)
7.Ерте темір дәуіріндегі сақтар қай жерді мекендеді?(Жетісу)
8. «Жеңілмейтін әскер» деп кімдерді атаған?  ( грек-македон әскерін)
9.Жетісу сақ ескерткіштерін ата.(Бесшатыр,Есік обасы)
10.Төрт түлік малдың қайсысы сақтарда көп өсіріледі?(жылқы)

Кестені дұрыс толтыру.  2. Сақ сөзінің мағынасы

Парсы жазбалары

 

Иран жазбалары

 

Грек авторлары

 

Ар­хе­оло­ги­ялық мәлімет­тер бойын­ша сақ тай­па­лары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. ме­кен­де­ген. Сақ тай­па­лары әр түрлі аталған. Сақтар­ды ежелгі грек ав­торла­ры «Ази­ялық скиф­тер», пар­сы ес­керткіштерінде «Құдіретті ер­кектер», Иран жаз­ба­ларын­да «Жүйрік ат­ты тур­лар» деп атаған. Грек де­рек­терінде – да­илар, мас­са­гет­тер, ис­се­дон­дар, т. б., пар­сы де­рек­терінде – сақ-ха­омо­вар­га, сақ-тиг­ра­ха­уда, сақ-па­рада­райа деп ата­лады.

3. Сақ топтары

Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа)

 

Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда)

 

Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга)

 

Сыныпты 3 топқа бөлу: тапсырмалар беру  (әр топ жоба қорғайды)

І.Сақ тай­па­лары­ның қоныс­та­нуы

№ 

Сақ топ­та­рының аты

Ме­кен­дері

Теңіздің арғы жағын­дағы сақтар (па­рада­райа)

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңын­да, Сыр­да­рия мен Әму­дари­яның төменгі ағысын­да

Шо­шақ бөрік ки­етін сақтар (тиг­ра­ха­уда)

Сыр­да­ри­яның ор­та ағысы, Тянь- Шань­да, Жетісу­да

Ха­ома су­сынын дайын­дай­тын сақтар (ха­ума­вар­га)

Мур­габ аңғарын­да өмір сүрді

 Сақтар­дың қоғам­дық құры­лысы. Алғашқы қауым­дық қаты­нас­тар ыды­рап, әске­ри де­мок­ра­тия құры­лысы­ның пай­да бо­ла бас­таған ке­зеңі.

Бүкіл тай­па мүше­лері сай­лаған тай­па көсемі – бас қол­басшы бол­ды. Олар тай­па­ны да басқарып отыр­ды. Әр көсем өз тай­па­сының қару­мен, азық-түлікпен қам­та­масыз етілуін қадағала­ды, тай­па аты­нан келіссөз жүргізіп не­месе келісімге келіп отыр­ды.

 Сақ әйел­дері қоғам­дық өмірге бел­се­не қатыс­ты және ер­кектер­мен бірге соғыс­ты. Тіптен олар­дың кейбіре­улері тай­па көсем­дері бо­лып та сай­лан­ды

Сақ қоғамын­да өмір сүрген адам­дардың үш то­бы ерек­ше­ленді: жа­уын­герлер, абыз­дар және басқа қауым адам­да­ры (мал­шы­лар мен егіншілер). Әрбір қоғам­дық топ­тың дәстүрлі өз түсі бол­ды. Жа­уын­герлердікі – қызыл, абыз­дардікі – ақ, өзге­лердікі – са­ры және көк.

Ша­ру­ашы­лығы. Сақтар, негізінен, мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Мал ша­ру­ашы­лығының 3 түрі бол­ды:

-          көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы Ба­тыс және Ор­та­лық Қазақстан­да өріс ал­ды.

-          қыс­тық және жаз­дық қоныс­тарды қажет ететін жар­ты­лай көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы — Ал­тай, Тянь-Шань та­ула­рын­да, Жетісу, Шығыс Қазақстан­да көп та­рады.

-          оты­рықшы мал ша­ру­ашы­лығы (жар­ты­лай егіншілікпен ай­на­лысқан). Ша­ру­ашы­лықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстан­дағы Сыр­да­рия, Ке­лес, Шу өзен­дерінің аңғарын­да да­мыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (си­ыр) са­ны аз бол­ды.

Сақтар­дың өнері мен са­уда­сы. Сақтар­да кейіннен қолөнер мен са­уда да­ми бас­та­ды. Ше­бер­лер ер-тұрман, әше­кей, най­за, сем­сер, қан­жар т. б. жа­саған.

Қолөнер жақсы да­мыды. Мыс, ал­тын, күміс, қорғасын т. б. ме­тал­дарды көп пай­да­ланған. Со­нымен қатар теріден, ағаш­тан, қыш­тан ыдыс­тар жа­саған.

Сақ тай­па­лары Сібір, Еуро­па, Ал­тай және Шығыс ел­дерімен бай­ла­ныс жа­сады. Са­уда Жібек жо­лы және б. з. б. 1 мыңжыл­дықтағы «Да­ла жо­лы» арқылы да­мыды.

ІІ.Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.Пат­ша­лар жа­уын­герлер то­бынан шықты.

Сақтар б. з. б. 519–518 жыл­да­ры пар­сы­лар­мен соғысып, I Да­рийдің әскеріне қар­сы ерлікпен шайқаса­ды. Сақтар пар­сы­лар­мен бірге Гре­кия, Еги­пет жеріндегі соғысқа қаты­сады.

Сақтың әйел пат­ша­сы То­мирис пар­сы пат­ша­сы Кирдің әскерін жеңген.

Б. з. б. IV ғ. Алек­сандр Ма­кедонс­кийдің Ор­та Азия жеріне жо­рығы бас­талды. Ол б. з. б. 330–327 жыл­да­ры Сыр­да­ри­яның сол жағын­дағы өңірлерді түгел­ге жуық ба­сып алып, Шеткі Алек­санд­рия қала­сына са­лады.Алек­сандр Ма­кедонс­кий шығыс­ты жа­улап ала­ды, бірақ Сыр­да­ри­яның оң жағын­дағы сақтар­дан жеңіледі.

ІІІ.Сақтар­дың мәде­ни­еті. Б. з. б. VII ғ. Ба­тыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуро­паның оңтүстігіндегі да­лалы ай­мақтар өнерінде аңдық стиль пай­да бол­ды. Оның бас­ты тақыры­бы аңдар мен аңыз­дардағы құбы­жықтар­ды су­рет­теу еді. Мұндай бей­не­лер­мен қола қазан­дар, әр түрлі құрбан­дық зат­та­ры, қару-жа­рақтар, ат әбзел­дері мен киімдер әше­кей­ленді.

Оны­мен сақтар Ал­дыңғы Азия мен Иранға жа­саған жо­рықта­рын­да та­ныс­ты. Осы жер­лерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыс­тан бей­несі та­рады.

Сақтар­дың ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіштері. Шы­рыққабат – апа­си­ак­тардың («су жағасын ме­кен­де­ген сақтар») ас­та­насы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбе­де ор­на­ласқан. Қала­ның ор­ны­нан көпте­ген ду­ал, мұна­ра құры­лыс­тар та­былған.

Сақтар­дың ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіштерінің бірі – Ба­быш мол­да қала­сы.

Ал­ма­ты об­лы­сын­дағы Есік қорғаны – б. з. б. VI­II-IIIғғ. сақ мо­ласы.

Тақырыпты бекіту

1.     Жұмбақтарды шешу.

·         Қадам бас алға сүрінбей

Болашақ кілті – білімде.

Қандай мағына береді,

«Сақ» сөзі парсы тілінде?  (Құдіретті еркектер)

·         Басынан кешкен шақтарды

Тарихшы тізіп ақтарды

Кімдер деп тағы атады,

Грек, Геродот сақтарды?  (Массагеттер)

·         Көгенге құлын байлады,

Бес қаруды да сайлады.

Айтып берші, қай сақтар,

Арал мен Сырды жайлады?  (Парадарайа)

·         Білімді алтынға теңедік,     Достарға ашық, кең едік.

Әйгілі сусын жасаушы,      Сақтарды кімдер деп едік? (Хаомаварга)

·         Бел-белестен асады,            Өр сақтардың жасағы.

Тиграхауда сақтары,           Қай жерді мекен жасады?  (Жетісуді)

  Семнтикалық картаны орындау

 

Рим тарих/сы ПомпейТрог

Грек тарихшысы

Геродот

Грек тарих/сы

Арриан

Грек тарихшысы

Попиэн

«Томирис әйел болса да жау шапқыншылығынан қорыққан жоқ» - деп жазды

 

 

 

 

«Сақ-скиф тайпалары бастарына шошақ, тығыз киізден жасалған бөрік киген.Олар садақ, семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған»- деп жазды

 

 

 

 

Македонсийдің Сырдариядан өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағанын жазады

 

 

 

 

Парсы әскерін алдап, адастырып, сусыз жерге апарған жауынгер туралы жазады

 

 

 

 

«Алтын адам»  сөзжұмбағын шешу

Көлденең берілген кілт сөздің көмегімен тік торкөздердегі жасырулы тұрған сөздерді тап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

 

 

4

5

 

 

 

 

 

 

2

3

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

А

Л

Т

Ы

Н

 

А

Д

М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. «Алтын адамды» тапқан археолог-ғалым.

2. Мемлекеттік елтаңбаға салынған бейне, «Алтын адамның» бөркіне тағылған жануар.

3. Сақ-тиграхаудалар мекендеген өңір.

4. Ұлттық белгіне айналған жануар, алтын әшекейлердегі бейненің бірі.

5. Сақ жауынгерлерінің темір қанжары,

6. «Алтын адамның» сырғасына қондырылған  асыл тас.

7. Тәуелсіздік ескерткішіндегі жауынгердің қолына ұстаған қару.

8. «Алтын адамның» киіміндегі алтын жапсырмалардың стилі.

9. Тайпа басшысы.

Қорытынды.

Сақтар мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығанындығының дәлелі Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіші.Бұған дейін сақтардың жауынгер екеніне көз жеткіздік.Грек –парсы жазбаларында сақтардың әйелдері де ерлікпен ерлермен бірге шайқасқан.Шығысқа бет алған Александр Македонскийдің жорығының бетін қайтарған,елін,жерін қорғап,тәуелсіздігін сақтап қалған батыр халық болды.

Үй тапсырмасы. Сақтар тарауы

Бағалау.

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 114.5 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 153

Похожие материалы