Сабақ жоспары 9 алгебра

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сынып: 9

Мерзімі: 28.01.14.

Дайындаған: Мақсұт Нұрсара Мұқатайқызы

Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану.

Сабақтың типі : білімді бекіту сабағы

Оқытылатын технологиялар: ақпараттық-коммуникациялық, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған, модульдік оқыту технологиясы

Сабақтың әдістері мен оқыту формасы:Оқушылардың топтағы өзіндік жұмысы

картография сызбасы

ҚБТ: практикалық тапсырма, ашық тест

өзіндік бағалау.

Сабақтың формасы: топтық, жеке, жұптық.

Оқытылатын технологиялар: ақпараттық-коммуникациялық, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған, модульдік оқыту технологиясы.

Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, таратпа материалдар, маркерлер, бағалау парағы,

Қолданылған әдебиеттер: оқулық «Алгебра; Шыныбеков, Алматы "Атамұра" ,Б.Г.Зив,В.А.Гольдич "Дидактические материалы" 9 класс С.Петербург.

Мақсаты: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді пайдаланып есептерді әр түрлі тәсілдермен шешу арқылы біліктілік дағдыларының қалыптасуын, меңгеру деңгейлерін анықтау.

Міндеттері:

Білімдік:Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді меңгере отырып ,оқушылардың өрнекті ықшамдай білу,тепе-теңдікті дәлелдей білу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушы: Тригонометрия бойынша қосымша мәліметтерді қарастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды жеке, топтық және жұптық жұмыстарды орындау.

Тәрбиелік: өзара сыйластықта тәрбиелеу,топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру Өзін-өзі және сыныптастарының жұмыс нәтижесін бағалай білу.

Күтілетін нәтижелер:

Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін біледі

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді біледі

Тепе-теңдікті дәлелдей алады

Өмірмен байланысын айтады.

топпен жұмыс істеу арқылы өзара сыйластықта болады, жұмыс істеу дағдылары қалыптасады ,жауапкершілігі артады. Өзіне-өзі талап қояды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 143.5 Kb
Количество скачиваний: 48
Просмотров: 207

Похожие материалы