Сабақ жоспары Алгоритм типтері ( 9 сынып)
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Копеева Гулдана Амангельдиевна
|
Алгоритм құрылымы
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Бағдарламалық – Оқулық, интерактивті тақта.
дидактикалық
қамсыздандыру:
Сабақтың мақсаты: 1. Алгоритмнің типтері туралы түснік бере отырып есептер шығару, ой-өрісін кеңейту.
2. Оқушылардың компьютерлік техниканың даму үрдісімен,
ақпарат түрлерін қолдану аумақтарын білу қабілеттерін
дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру
Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:
қойылатын талаптар: - компьютерлік техниканың даму үрдісін;
- ақпарат түрлерін;
- цифрлық есептеуіш машинасының құрылу принциптерін;
- ЭЕМ буындары мен олардың элементтік базасын;
- ЭЕМ-ді қолдану аумақтарын.
Оқушылар үйрені тиіс:
- әр түрлі буындағы ЭЕМ мысалдарын келтіруді;
- ЭЕМ элементтік базасы бойынша қандай да бір машина қай буынға жататынын анықтауды;
- ЭЕМ-ді қоғам өміріне қолдану мысалдарын келтіруді.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм құрылымы
Алгоритмдер екі түрлі болады: жәй алгоритмдер және құрама алгоритмдер. Құрама алгоритмдерде шарт тексеру әдісі қолданылады. Шарт дегеніміз жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым.
1. Сызықтық алгоритмдер – әрекеттері алгоритмде қалай жазылса сол ретпен орындалатын командалар тізбегінен тұрады. Шарт болмайды. Блок-схемасы да бір түзудің бойына орналасады.
Мысалда y=ax2+b+cos(ax2+b)- tg(ax2+b) функциясының мәінін есептеу алгоритмінің блок-схемасы көрсетілген.
2. Тармақтаушы алгоритм – деп белгілі бір шартқа байланысты бірнеше жолдарға бөлініп кететін алгоритмдерді айтады.
Мынандай жағдайды қарастырайық: 5 оң санба, теріс санба? (теріс). -7 ше? (оң сан). Ал, енді х қандай сан? (?!)... Осы жерде х-ті нөлмен салыстыру қажеттілігі туындайды. Жауабымыз екі жағдайдың (x<0, x>0) бірін таңдауымызға тәуелді. Алогримтдік тілде жазылуы:
егер шарт
онда 1-серия
әйтпесе 2-серия
бітті
Қысқаша (толымсыз) тармақтаушы алгоритм блок-схемасы.
егер шарт
онда серия
бітті
3. Циклдік (қайталаушы) алгоритмдер – деп белгілі бір шарт сақталғанша немесе сақталмай қалғанша қайталанып атқарыла беретін алгоритмдерді айтады. Қайталаушы алгоритмдердің әзір-циклі, дейін-циклі, параметрлі қайталау деген түрлері бар.
Мысалы: 3-ке дейінгі сандардың квадраттарын шығарыңыз. Квадраттау амалы 3 рет қайталанады.
Жазылу түрі:
әзір шарт
цб
серия
цс
Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.
Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.
алг алгоритм атауы
арг типтері көрсетілген айнымалылар
нәт типтері көрсетілген айнымалылар
басы
алгоритм командалары
...
соңы
Алгоритм тақырбы
Берлігендер жазылады
Есептің нәтижелерінің аттары жазылады
Алгоритмнің өз кезегімен орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін командалар тізбегін серия дейді. Бір команда бір жолға симаса келесі жолға жазыла береді, бір жолға бірнеше команда жазғанда арасын ; -таңбасымен бөліп көрсету керек.
3. Меншіктеу командасы.
Жазылу түрі: айнымалы := өрнек
Мысалы: y:=5 « у айнымалысына 5 мәні меншіктелсін» деп оқылады.
Бастапқы мәндері X:=7; Y:=0 болсын. Мына командалар сериясының нәтижесінде қандай әрекет іске асады?
R:=X; X:=Y; Y:=R;
ЖАУАП: X=0 және Y=7 болады. Яғини, х пен у айнмалылары мәндерін алмастырды.
алг есеп01;
арг а1,в1,а, в: нақты;
нәт у: нақты;
басы
а1:=а-в; в1:=а+в;
у:=а1*в1;
соңы
Жаңа сабақты қорыту:
ЕСЕП: Центрі координаталар басында жататын шебер радиусы берілген. Координаттары (бүтін) белгілі А(х,у) нүктесінің шеңберге тиістілігін анықтайтын алгоритм жазыңыз. Нүкте шеңбер сызығының бойында жатса тиісті болады.
алг шеңбер мен нүкте;
арг бүт А, Х, У: бүт R: нақ S;
нәт лит Z;
басы
;
eгерR<=S
oнда Z:= «нүкте шеңберге тиісті»
әйтпесе Z:= «нүкте шеңберге тиісті емес»
бітті;
соңы.
ЕСЕП: Барлық екі таңбалы сандардың қосындысын табатын алгоритм жазыңыз.
Алғашқы екі таңбалы сан 10 соңғысы 99.
алг екі таңбалы сан;
арг бүт max: бүт i:
нәт нақ S;
басы
i:=10; S:=0;
әзір i<=99
цб
S;=S+i;
цс;
соңы.
Бағалау:
Бағалау: Шығармашылық қабілет және белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалаймыз.
Үйге тапсырма:
Есептер шығару: Берілген формулалар бойынша у-тің мәнін есептейтін алгоитм құрыңдар
1.
2.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 68.8 Kb |
Количество скачиваний: | 109 |