Сабақ жоспары қазақ тілі 3-сынып "И, й, у әріптерінің жазылуы"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Есимова Маржан Орымбаевна
|
Сабақтың мақсаты: 2-сыныпта и, й, у әріптерінің жазылуы туралы алған білімін еске түсіру, қайталау; и, у дауысты дыбыстарының кейде жуан, кейде жіңішке айтылуының себептерін анықтау; и және й дыбыстарын салыстыру у дыбысын жұп дауысты ұ, ү дыбыстарынан сөз ішінде айыра біліп, дұрыс жаза білуді үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап, түсіндіру,«Венн диаграммасы», «Топтастыру».
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру;
Психологиялық ахуал:
-Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.
-Жарайсыңдар,осындай жақсы көңіл- күймен сабағымызды бастаймыз. Орнымызға отырайық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.05 Kb |
Количество скачиваний: | 29 |