Сабақ жоспары "Бейнелеу өнерінің түрлері" 5 сынып

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Конспекты
Автор:

Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.23 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 191

Похожие материалы