Сабақ жоспары. Дүниетану " Пайдалы қазбаларды қорғау."

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбаларды қорғау.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін бекітіп, тереңдету; табиғатты аялай білуге үйрету; пайдалы қазбаларды қорғау бойынша негізгі шараларды меңгеру.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, пайдалы қазбалар топтамасы, «Адам өмірі жерасты байлықтарына тәуелді» деп аталатын плакат.

Сабақтың барысы:

I. Миды шынықтыру.

1. Үйде және көшеде сені түрлі пайдалы қазбалардан жасалған қанша зат қоршап тұрады, санап шық (2 минут).

2. Өзекті сұрақтар.

- Пайдалы қазбаларды қалпына келтіруге бола ма?

- Балалар, Жердің байлығын сақтап қалу үшін сендер не істеулерің керек?

II. Тақырып бойынша жұмыс.

1. «Пайдалы қазбаларды қорғау» тақырыбын оқимыз.

Жер адамға өз байлықтарын тарту етті.

Ендеше, неге біз табиғат байлықтарын қорғау мәселесін көтеріп отырмыз?

2. Сөздік жұмыс.

3. Мәтінде пайдалы қазбаларды қорғаудағы негізгі деген қандай іс-шаралар туралы әңгіме болып отыр (жазып шық)

Өзің қандай: іс-шара ұсынар едің? Тізімді әрі қарай жалғастырып жаз.

Ғалымдар табиғат байлықтарын ауыстыру мәселесін шешу үшін не істейді?

4. Негештің сұрағы:

- «Пайдалы қазбаларды әр адам неліктен үнемдеп пайдалануы тиіс?»

5. Шығармашылық жұмыс - эссе, өтініш, шағын мазмұндама жазу.

Шығармашылық жұмысты дауыстап оқу.

III. Сабақты қорытамыз.

Топқа бөлініп жұмыс істейміз: пайдалы қазбаларды қорғау тақырыбында шағын әңгіме құрау. Таныстыру.

IV. Үй жұмысы. Пайдалы қазбаларды қорғау тәртіптерін қайталау.

«Пайдалы қазбаларды қорғау» мәтінін оқу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.78 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 140

Похожие материалы