Сабақ жоспары. Еңбекке баулу "Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері. ."
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жакина Рымгул Токтаровна
|
Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы:Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері.
Сабақтың мақсаты:а) Қазақтың ұлттық киімдерімен және оның түрлерімен ,соның ішіндегі қыздың, ер адамдардың ,ата мен әжелердің киімдерімен таныстыру.
ә) Оқушыларды ұлттық киімдердіңәдемілігін, сұлулығын сөзбен айта отырып, балалардың ой-өрісін, қиялын , тілдерін дамыту.
б)Ұлттық салт-дәстүрге деген ынта сезімін тәрбиелеу.Ой еңбегі мен қол еңбегін ұштай білуге , еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Слайд,шаблон,пазлдар,ұлттық киім киген қуыршақтар.
Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс,әңгімелеу,ойын.
Сабақтың түрі:Сыни тұрғыдан оқыту.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
2.Үй тапсырмасын пысықтау. -22-наурызда қандай мереке тойланады?
-Наурыз деген қандай ұғымды білдіреді? -Күн мен түн қай уақытта теңеледі?
-Наурыз мерекесінде қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері өткізіледі? -Наурыз мейрамында қай халықтың ұлттық киімдерін киеді?
3. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
Үш топ пазлдарды құрастыру(шапан,тақия, сәукеле,айырқалпақ )
-Суреттен не байқадыңыздар?
-Олай болса,қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?
-Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Қазақ халқының ұлттық киімдерімен танысамыз». Әр топ алдарындағы құрастырған суреттері бойынша жауап береді.
«Ең әдемі киім-ұлтыңның киімі» деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ.Киім-адам киетін, денесін ыстық, суықтан қорғайтын бұйым.Ұлттық киімдер халықтың ою-өрнектерімен әшекейленеді.
Мысалы, сырт киімдерге: шапан,тон,тымақ, тұлып, етік, саптама етік жатады.Ішкі киімдерге:көйлек, қамзол, кәзекей жатады.Оларды қымбат маталардан барынша сәндеп тігетін болған.Бас киімді қазақ халқы ерекше қасиет тұтқан.
Ер адамдар тақия,бөрік,тымақ, қалпақ киген.Тымақ пен бөрікті сеңсеңнен, аң терілерінен жасап, барқыт,қыжым, атласпен тыстайды.Тымақ ,бөріктер бірнеше топқа бөлінеді.Ерлер киетін тақиялар қошқармүйіз,шырмауық өрнектерімен кестеленеді.Жас жігіттер кейде тақияға үкі таққан.
Әйелдердің бас киімдері:тақия, бөрік, орамал,кимешек,сәукеле, шәлі.Сәукеле ең сәнді,күрлелі бас киім.Қыз бала ұзатылғанда арнайы тігілетін бас киім.Сәукелені алтын,күміс,маржан қымбат тастармен әшекейлейді.Төбесіне үкі таққан, екі жағында салбыраған шолпы.Кебіс- мәсінің сыртынан киюге арналып,былғарыдан тігілген аяқ киім.
4. Сергіту сәті
5.Сарамандық жұмыс.
Еңбек кауіпсіздігі ережелерін еске түсіру.
Қайшымен жұмыс істеу кезінде:
1)Қайшыны біреуге бергенде сап жағын қаратып беру керек;
2)Жұмыс орнында қайшы әрқашан жабулы жату керек;
3)Жұмыс аяқталғаннан кейін,жұмыс орнынды жинауды ұмытпаңыз;
Топтық жұмыс. Жұмыс барысы:
-Алдарыңыздағы ақ қағаздың бетіне қалыпты қойып бастыру; (тақия,қалпақ,етік, сәукеленің жиегіне ою орналастыру )
6.Сабақты қорытындылау, бағалау. Көрме ұйымдастыру. 9.Үйге тапсырма.
Жакина Рымгул Токтаровна
№18 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Семей қаласы
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.91 Kb |
Количество скачиваний: | 43 |