Сабақ жоспары "Калькулятор бағдарламасы" 3-сынып

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы

Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектеп

Информатика пәнінің мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна

 

Сабақтың тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Калькулятор бағдарламасы туралы толық түсінік беру, іске қосу жолы, калькулятордың негізгі батырмалармен таныстыру. Оқушыларды калькулятор бағдарламасын пайдаланып есеп шығаруды үйрету. 
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылармен компьютерді пайдалана отырып,шығармашылығын,ойлау қабілетін дамыту,пәнге деген қызығушылығын,белсенділігін арттыру,компьютерлік іскерлігін дамыту.
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Интерактивтік тақта, компьютер, слайд, оқулық.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: аралас.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу, түгендеу.
2.Жаңа тақырып түсіндіру
3. Сабақты бекіту.
4. Бағалау.
5. Үй тапсырмасы. 
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқушылардың білімін жинақтау

Калькулятор бағдарламасы – бұл кәдімгі калькулятордың компьютерлік аналогі, ол әр түрлі есептеулерді: сандарда бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға және

логикалық арифметика командаларының амалдарын жүргізуге арналған.

 Калькулятор сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін  Windows-тың басқа бағдарламаларына  жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, логикалық арифметика амалдарын орындауға, дәл есептеулер жүргізуге арналған. 
Калькулятордың екі түрі бар:

·         Қарапайым                 

·         Инженерлік

Калькулятордың терезесінің өлшемі бекітілген тақырып жолынан басқа оның менюі, терілген сандарды көруге және нәтиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін Num Lock пернесін басу қажет. Num Lock пернесінің міндеті - сандық режімде жұмыс істеу үшін, пернетақтаның қосымша блогын активті жағдайға келтіреді.
 Калькулятордың функционалдық батырмалары:
“Back Space” – соңғы ендірілген  санды өшіреді.
“C” – барлық ендірілген санды өшіреді.
“СЕ” – енгізілген мәнді өшіреді.

“/” – енгізілген мәнді бөледі.
“*” – ендірілген мәнді көбейтеді.
“+” – ендірілген мәнді  қосады.
“-“ – ендірілген мәнді азайтады. 
“=” –  амал нәтижесін индикаторға шығарады. 
Sqrt –  квадрат түбірін табады.
% - санның пайызын табады.
1/x – индикация өрісіндегі санның кері мәнін есептейді. 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.19 Mb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 217

Похожие материалы