Сабақ жоспары математика пәнінен "Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу" 6 сынып
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Мустафина Айым Утегеновна
|
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақ мақсаттары: Білімдік мақсаты: оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру. Оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, математикалық сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа үйрету. Оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары:
Сабақтың жүру барысы:
1. ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың сабаққа дайындығы (дәптер, қалам, қарандаш, сызғыш)
ә) журналды толтыру
2. Үй тапсырмасын тексеру №808 есеп;
Оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды. Слайд 2
3. Өткен тақырыпты қайталау – сәйкестендіру тесті
Теңдеуді шешіңдер;
1) х+3=7 а)–6
2) Х-5=3 б) 4
3) Х+7=1 в) 8
4. Жаңа сабаққа бетбұрыс;
ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х – айнымалысы, а және в – қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу сызықтық теңдеу деп аталады.
1 қасиет:
Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
2 қасиет:
Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 35 Kb |
Количество скачиваний: | 41 |