Сабақ жоспары. Тақырыбы: Ағаш бөлшектерін шиптік түрмен және желіммен құрастырып-бекіту. (7 сынып практика)
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кайырбекова Гульнур Нурахметовна
|
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің
Технология пәнінің мұғалімі
Ақылбек Алмат Аманқосұлы
7-сынып №19сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ағаш бөлшектерін шиптік түрмен және желіммен құрастырып-бекіту.(практика)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды желімдеу технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы желімдеу технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме – практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, ағаш, желім, ара, т.б.
Құралдары: ара, бұрандалы қысқыш, егеу, сүргі т.б.
Пайдаланған әдебиет: Технология 6,7, «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенов, А.Балғожаев Қызылорда 2006ж
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Өзіндік бағалау» әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Желім түрлері
«Тізбектей сұрау» әдісі:
Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, әрі қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға байланысты.
Казеин желімінің жасалу жолдары қандай?
Өнеркәсіпте тақта түріндегі желімнің сапасы қандай болады?
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Кім жылдам» ойыны (сұрақ жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
Желім түрлерін атаңдар.
(Казеин, шел, нитрожелім т.б.)
Малдың кепкен, майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан әзірленетін желім түрі.
(Сүйек желімі)
Шел желімі суды өз көлемінен неше есе артық сіңіреді.
(6-10 есе)
Қарағайдан, шыршадан, қайыңнан жасалған заттарды желімдеуге арналған желім.
(Казеин желімі)
Ылғал тимейтін бөлшектерге ғана қолданылатын желім түрлерін ата.
(Казеин және шел желімі)
Сүт белоктарының негізінде майы алынған сүзбеден жасалған желім.
(Казеин желімі)
Нитроцеллюлоза мен шайырлардың органикалық еріткіштердегі ерітіндісінен жасалатын желім.
(Нитрожелім)
IV. Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Желімдеу технологиясы
Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөліктеріне сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады. Желімдеудің сапалы болуына көптеген факторлар әсер етеді. Солардың қатарында желімнің тиісті бөлшектерге неғұрлым терең әрі біркелкі сіңуін, желімделетін үстіңгі қабаттардың бір-бірімен өте тығыз байланысуын, ағаш материалдарының қаншалықты дәрежеде дымқыл екендігін, желімнің нақты кездегі жағдайын және сапасын, пресске салған кездегі қысым күшін, сондай-ақ пресстен шыққаннан кейінгі төзімділік уақытын айтуға болады.
Сонымен бірге желімдеудің сапасына әсер ететін фактор ретінде желімнің қаншалықты дәрежеде қоюлану керектігін де естен шығармау керек. Оған қосымша айтарымыз – желім қабатының қалыңдығы шамаммен 0,1 мм болуы тиіс.
Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалдарының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. Ағаш материалдарының дымқылдығы 8-10 % болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені ол желімнің құрамындағы суды өз бойына тартып алады.
Желімдеп жапсырылатын үстіңгі беттердің жағдайына келетін болсақ, олардың аздаған кедір-бұдырлау болғаны, жете өңделмегені мақұл. Өйткені бұл жапсырылатын үстіңгі қабаттардың желіммен жапсырылатын аумағын арттыра түседі.
Желімдеу технологиясымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Керекті жеріне аздап қана жақ .
2. Көлемді нәрсе желімдегенде, желімді әуелі оның ортасына жақ, сосын оны таяқшамен тарат.
3. Жолақша немесе майда нәрсе желімдегенде абайла.
4. Желімдеген бөліктің үстінен таза қағаз жауып, сыртынан қолыңмен сипап бас.
5. 5-10 минут салмақтылау, тегіс затпен бастыр.
6. Желімдеп болған соң міндетті түрде қолыңды сабындап жу.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: ағаш өңдеуге қажетті құралдар
Жұмыстың мақсаты: шарбақты, кертікті - тиекті материалдарды құрастырып - бекітуді үйрену.
Шарбақты, кертікті - тиекті материалдарды құрастырып -бекіту кезінде олардың жартысы дерлік өздері кигізілетін ойықтар мен тесіктерден шығып, көрініп тұруы тиіс. Оларды желім жағылып болғаннан кейін тиісті орындарына қағып кіргізіп, пресстің астына бастырып қояды. Бірақ бұл кезде бөлшектердің дұрыс құрастырылып бекітілгеніне толық көз жеткізіп алу қажет.
Перестің астына алып, бастыра желімдеу былай жүргізіледі.
1. Әуелі жақсы жонып, қиюластырған тақталарды таңдап, іріктеп алыңдар.
2. Олар қалқанда қалай тұруы керектігіне қарай рет-ретімен орналастырыңдар.
3. Тиісті жақтарына желім жағыңдар.
4. Бұрандама қысқыштың көмегімен жақсылап бекітіңдер.
V. Жаңа сабақты бекіту
«Сиқырлы торша» ойыны
Желім қабатының қалыңдығы неше мм болуы тиіс?
(0,1мм)
Ағаш материалдарының дымқылдығы неше пайыз болған кезде өте жақсы, берік желімделеді?
(8-10%)
Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөлшектерге сіңіп, таралу процесі не деп аталады?
(Желімдеу технологиясы)
Ағашты желімдегенде бөлменің температурасы қанша градус болуы керек?
(18-25°)
Құрал-саймандармен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік ережесі.
(Құрал-саймандардың дұрыстығын тексеру.)
Желімді жапсыратын қабатқа біртегіс етіп жағу үшін қандай құралды пайдаланады?
(Қылқалам)
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
«Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Мысалы, біреу қосымша дерек жинаса, келесі сурет салуы, үшіншісі нұсқау картасы немесе бұйым жасауы мүмкін.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.3 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |