Сабақ тақырыбы: Бисермен жұмыс
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Амиркулова Асел Дадешовна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бисерден «Теңге» ағашын жасап үйрету шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
а) Білімділік: оқушылардың бисермен тоқу туралы білімін арттыру, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.
ә) Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеудегі шығармашылық қабілетін қалыптастыру, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жасап көрсету, өз бетімен жұмыс жүргізу. Пәнаралық байланыс: математика, тарих, бейнелеу, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: бисерден жасалған дайын бұйымдар, әшекей бұйым түрлері, кітап, журналдар, слайд.
Қажетті құрал - жабдықтар: ине, жіп, сым, леска, бисер түрлері, бисер салатын ыдыс, қайшы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардыңң сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен жүрекке» бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.
ІІ. Ой қозғау. Адасқан әріптерден сөз құрау.
СНЕБР, ЛІБІКЗЕ, ҚАНСИА, ЛАҚА, ЗКҮЖІ, АРҒЫС
Слайдтан әшекей бұйымдары туралы әңгімелеу. Бисер тақырыбы бойынша сұрақ беру.
1. Бисер дегеніміз не?
2. Бисерді ең көп шығаратын жерлерді ата?
3. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады?
4. Бисердің отаны?
5. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?
6. Бисердің түрлері?
7. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?
Сұрақтарының жауаптары:
1. Бисер - ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әртүрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді.
2. Бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.
3. Бисермен кестелеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты талап етеді.
4. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі түсті шыныдан үлкен моншақтарда жасаған.
5. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.
6. Бисердің түрлері: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, Шорлот деп бөледі.
7. Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 46 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |