Сабақтың тақырыбы: АҒАШТАР НЕГЕ АШУЛАНДЫ?

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы:            АҒАШТАР НЕГЕ   АШУЛАНДЫ?  . Сабақ  ұйымдастыру бөлімінен       психологиялық дайындықтан басталады.  Сабақтың  жоспары  өмірмен, оқушының бұрынғы алған білімдері мен жаңа білімдерін ұштастыру мақсатында құрылған. Сабақ жоспары жәйден күрделіге, жекеден жалпыға , оқытудың ғылымилығы принциптеріне негізделген. Тапсырмалар деңгейі оқушылардың білім деңгейі, шығармашылық қабілеттері мен жас, жеке бас ерекшеліктері ескеріліп жасалған. Күнделікті өмірмен байланыстылығы ескерілген. Сабақтың мақсаты: қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.  Сөз қорын  байыту.Қорытынды жасау  дағдыларын арттыру. Оқушыларға қазақтың  мақтанышын үлгі ету.Отанын туған жерін сүйетін жас ұрпақты тәрбиелеу.Түрі :  дәстүрлі,   аралас сабақ  Әдіс-тәсілдер:  баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап,ой толғаныс.Күтілетін нәтиже: мұғалім берген тапсырмаға байланысты оқушылар  дәлеледемелер дайындайды, командамен жұмыс жасай алады. Оқушылар шығармашылық. логикалық ойлау қабілеттері мен өз ерік жігерлерін көрсете алады. Өз ұстанымын қорғай алады. Мәтіннен  және қосымша материалдардан тақырыпты ашуға қажетті мағлұматтарды тере алады.Мәтінді білетінін көрсетеді.

Сабақтың біріші кезеңінде психологиялық дайындығы тексеріледі.Үй тапсырмасы сұрақ- жауап, баяндау арқылы тексеріледі.   Ашық, жабық, түсіндірме сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы қортындыланып, тірек – сызбасына жазылады.Мәтіннің авторымен таныстырылады және тарихи мағлұматтарды еске түсіру үшін «тұлғаны таны» тапсырмасы беріледі.Сабақ барысынды АҚТ орынды пайдаланылды.  Жаңа тақырыпты меңгеру барасында мәтінді іштей оқу, тауып оқу, теріп оқу тәсілдері пайдаланылады. Сөздік жұмысынан кейін шығармашылық тапсырма .Ой қозғау кезеңіндемәтінді оқымас бұрын оқушылардың ағаш туралы ойларын біліп алу керек.-Ағаш туралы не білесіңдер?  -Ол тірі табиғат, жасыл өсімдік, өзінен оттегі бөледі. Отын ретінде пайдаланылады.Автор туралы мәлімет беру. Мәтінмен жұмыс.Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.Топпен жұмыс.    І топ. «Ағаш көркі-жапырақ» шағын әңгіме.ІІ топ. Мақал-мәтелІІІ топ. «Әңгімеге» байланысты сурет салу. Шығармашылық тапсырма.

  Өлең жолдарының басын жазу.  Өздерің Алмабектің орнында болсаңдар не істер едіңдер? Деген сұраққа жауап беру арқылы оқушының сабақ туралы ойын біледі.Оқушылар өз ойларын жазып  тілек ағашына  іледі.  Сабақта пайдаланылған әдіс- тәсілдер оқушылардың белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, алған білімдерін өмірде пайдалан білуге үйретуде мұғалімге көп көмек болады.

 

 

 

                                                                                                                                                        

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 30.5 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 157

Похожие материалы