Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі. 5 сынып 04.10 2014ж.

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі.   5 сынып      04.10 2014ж.

Сабақтың мақсаты: Білімділік – «Аяз би» ертегісі бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау;

Дамытушылық – логикалық ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру;

Тәрбиелік – адамгершілік, инабаттылыққа, үлкенді сыйлауға, сөз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

 Сабақтың әдіс-тәсілдері: ассоциация құру, араласқан жоспар, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабағымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәрімізге күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын. Берілген әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бұл бізге алдын-ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.

1 2 3 4 5 6 7 8

С Ә Т Т І Л І К!

1.Сыйластық, сенімділік, сөзшеңдік. 2.Әдептілік. 3.Тапқырлық, тәкәппарлық. 4.Төзімділік,табандылық. 5.Ізеттілік. 6.Лайық. 7.Іскерлік. 8.Күштілік, көрегендік, кеңпейілділік, т.б.

–Балалар, бүгінгі сабақта біз «Аяз би» ертегісін қорытындылаймыз.

БІЛУ. Ұжымдық тапсырма (ауызша) 5 минут

«Бәйге» ойын стратегиясы. /диалог/

1.Ертеде кім деген хан болыпты?

2.Хан уәзірлеріне қандай тапсырма беріпті?

3.Хан оларды табуға қанша уақыт берді?

4.Тастың ішінде қандай неше құрт бар?

5.Уәлидің қызы кім?

6.Қыздың жасы нешеде?

7.Хан Жаманды қайда жұмсады?

8.Жаман не үшін «Аяз би» деп аталды?

 

9.Ханның неше уәзірі болыпты?

10.Хан Жаманға қандай тағам бергізді?

11.Жаманның жасы нешеде еді?

12.Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты?

13.Қандай тастың қасиеті неше жылдан соң бітеді?

14.Ханның шешесі неше жаста?

15.Байлығы мен елдігі ханға парапар кім?

16.Қырық уәзір Жаманды неше күншілік жолға шығарып салды?

Оқушыларды топқа бөлу (ертегі кейіпкерлері  арқылы), топ басшысын тағайындау

Топ аты,ұранын айқындау.(3 минут)

ТҮСІНУ. (Топпен жұмыс). 5 минут

1-топ.

Шығарма мазмұнына сай құрылған жоспар тараулары араластырылып жіберіледі. Оқушылар жоспар тарауларын дұрыс орналастыру керек.

Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. 2

Жаманның сертке берік болуы. 5

Жаманның Барсакелмеске баруы. 7

Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. 1

Хан тағына отырған Жаман. 10

Ханның Жаманды уәзір етуі. 3

Меңдінің Жаманды таңдауы. 4

40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. 6

Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. 8

Ханның Жаманды сағынуы. 9

2-топ.

Берілген мақал-мәтелдерді жоспардың тарауларына сәйкестендіру.

1.Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.

Есірген хан елді ермек етер.

2. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.

Ащы мен тұщыны татқан білер,

Алыс пен жақынды жортқан білер.

3.Жаманды ханның уәзір етіп алуы.

Ақыл – ердің қорғаны.

4.Меңдінің Жаманды таңдауы.

Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.

5.Жаманның сертке беріктігі.

Сертке берік бол,

Досыңа серік бол.

6.Қырық уәзірдің ханды Жаманмен араздастыруы.

Арсыз адам жала жауып аздырады,

Ақылды адам жол тауып оздырады.

7.Жаманның Барса келмеске сапары.

Жігітке жар қымбат,

Намыс пен ар қымбат.

8.Ханның өтірігіне Жаманның жауабы.

Түстік жерге өтірік айтсаң,

Кешке ізіңмен барады.

9.Ханның Жаманды сағынып іздеуі.

Ескі дос естен кетпес.

10.Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға баруы.

Алдыңа келсе атаңның құнын кеш.

11.Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы.

Жақсы ісіңнің артында сауабы бар,

Зұлымдықтың артында жауабы бар.

12.Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы.

Арын сатқан ер оңбас, Ажарын сатқан сері оңбас.

13.Хан тағына отырған Жаман.

Ақылды жетер мұратқа,

Ақылсыз қалар ұятқа.

3-топ

Екі жақты күнделік толтыру

 4-топ

Аяз биге мінездеме беру

ҚОЛДАНУ. Топтық жұмыс: 5 минут топ.

1-топ

Нақыштап оқу, рөлмен оқу.

 Хан мен Жаман.

1. Жаман тұлпарды қалай сынады?

2.Жаман Маданның наубайшының баласы екендігін қалай білді?

2- топ.

Нақыштап оқу, рөлмен оқу.

Қойшы шал мен хан диалогы

  1.«Таудың басын қырау шалғаны мен етегін қырау шалғаны, тау басынан бұлақ аққалы  неше жыл болды» дегені не?

2.Жаман уәзірлерді қалай жазалады?

3-топ.

«Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа!»  /ой толғау/

4-топ.

«Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал». /ой толғау/

 ТАЛДАУ

. Географ. Аяз биге қатысты аңызда аталатын «Барсакелмес» деген жер қайда орналасқан.

Лингвист. «Менің ертегіден алған әсерім» эссе жазу

Биолог. Шеңгелге сипаттама

Этнограф. Күлдіреуіш дегеніміз не?

Қортынды:

 Топтастыру стратегиясы.

Суретпен жұмыс 3минут

 

 «Топтастыру» стратегиясы бойынша ертегінің тәрбиелік мәнін ашу.

 Үйге тапсырма.   Өз ойларынан ертегі құрастыру. 2 минут.

Бағалау. 3 минут

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.43 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 208

Похожие материалы