Сабақтың тақырыбы Б әрпі мен дыбысы
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Cыздыкова Айсулу Кайроллиновна
|
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және әріпі.
Сабақтың мақсаты: Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.
Балаларды Б дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына
назар аудару сөздік қорынына мән беріп, қиялын дамыту.
Ұқыптылыққа,сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта,плакат, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын түрі; саяхат.
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
Дөңгеленіп тұрып бәріміз бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік:
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық сыйлаймыз.
Ұйымдастыру.
-Балалар біз бүгін саяхатқа барамыз, немен барғымыз келеді? Қандай көлік түрлерін білесіңдер ? (машина , ұшақ, кеме)
-Ендеше мына тақтаға қарайықшы, не көріп тұрмыз? Балалар мына сандарды санайықшы
6
7
5
3 4
2 1
Балалар бұл не? (кеме)
Не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Суда жүзу үшін.
Ал кеме қайда жүреді?
Суда .
Оның жүргізушісі кім?
Ендеше ол сіздерге шақыру билетін берді. Осы кемемен аралдарға барып ,сол аралмен танысамыз.
1- арал.Қайталау
Сиқырлы жазу
Жақсы музыка
М Ы С Ы Қ
(текшемен белгілеп)
Балалар мына тапсырмада жасырын сөз беріліпті. Осы сөзді тауып көрейік .Сіздер айтыңдаршы үйде біз қай жануарды ұстаймыз? Қандай ---- түстерді көріп тұрмыз? (қызыл,көк) Оларды ажыратып беріңдерші?
Мысық сөзін буынға бөлейікші ? (2 буын). Қай әріптен басталып жазылады? (М) Жақсы балалар енді екінші аралға барайық.
2- арал.
Балалар суда жақсы көрінетін мынау не? (балық)
Қараңдаршы ол қандай? (Сиқырлы,алтын)
Ендіше бүгін бізге қонаққа алтын балық келіпті.
Балық сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс ? (Б) Айтып көрейікші (Б). Дауысты ма, Әлде дауыссызба?
- Осы сөзді буынға бөліп көрейікші?
- 2 буын бар.Ендеше дауысты дыбыс нешеу ? (2)
Жақсы балалар екінші аралдан да өттік еді. Алтын балық маған тағы бір арал бар деп сыбырлайды , ол аралда да тапсырма бар екен.
3- арал.
«Мына сиқырлы қаламшамен сіздер б – әріпінен басталатын сөздер жазып беріңдерші» - дейді алтын балық.
Р
О
Б
Сиқырлы әріптер шашу : Б.А.Р.Л.Қ.О.Ы.А . Балық. Бор. Бала.
Талдап кету. Әр баланы сөйлету. Оқытып шығу.
- Өте жақсы балалар. 3- аралдың тапсырмасын жақсы орындадық . Алтын балық тағы ары қарай барайық деп тұр , ендеше алтын балықтың соңынан жүрейік.
4- арал. Сергіту сәті.
Балық,балық балықтар,
Қане қатар тұрыңдар.
Қанаттарыңды ашыңдар,
Бұлай –бұлай малтыңдар.
Бір, екі,үш,төрт ,бес,
Орыңдарыңды табыңдар тез.
Өте жақсы, бұл тапсырманы өте жақсы орындадық.
Балалар балық тағы сыбырлайды , енді біз сиқырлы балықпен келесі аралға барғанда ойын ойнаймыз дейді.
- Ойнаймыз ба?
5- арал. «Қатені тап.»
Балаларды екі топқа бөліп ,әртүрлі суреттер беру.Сол суреттерден Б және М әрпіне байланысты сөздерді тауып тақтаға ілу.(бақа, балық, бала)(мысық, машина,маймыл,т.с)
6- арал. Алтын балықтың келесі тапсырмасы ,Б әрпін жазу. Тақтаға жазбаша түрін жазып көрсету.Ауада жазу. Дәптерге бастырып жаздыру.Өте жақсы балалар,бұл тапсырманы да жақсы орындадық.
7- арал.
Енді біздің соңғы тапсырмамыз , әр қайсыңыз балыққа арнап б – әрпі бар тақпақ айтып беріңдер. Осы тақпағымызды жақсы айтсақ , ол балықтың сіздерге арналған сыйлығы бар екен.
Әр оқушыға балық жапсырылған шар тарату.( аттарына байланысты көк, қызыл).
- «Сіздер құрлыққа барғанда мына шармен ойнап жүріп мені естеріңе алыңдар.Әр қайсыңыз аттарыңызды айтып отырып соған байланысты шарды алыңыздар».
- Рахмет.
- Осымен саяхатымыз аяқталды. Хош сау болыңыздар
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 273.5 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |