Сабақтың тақырыбы: Балуан Шолақ-өнерпаз балуан

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Рефлексиялық есеп

10 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткіздім.Сабағымның мақсаты оқушыларға Балуан Шолақ туралы өмірінен мәлімет беру және өнерді қатар ала отырып ,алып күштің иесі екенін таныту болды.Сабағымды шаттық шеңберінен бастадым.Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл күй тілеп ,әдеттегідей топқа бөлінді.Әр топ мүшелері атқаратын қызметтерін айтып , бір-біріне сәттілік тіледі.Үй тапсырмасында «Миға шабуыл» кезеңінде сұрақтарға жауап берілді.СТО технологиясының элементтерін пайдаландым.

Жаңа тақырыпты ашу кезеңінде әнші-ақындар туралы ақпарат көздерінен жинаған материалдарын айтып талқылады.

Балуан Шолақ туралы қосымша мәліметтер берілді.Оқулықпен жұмыс кезінде әр топқа тапсырмалар берілді.Топ мүшелерімен берілген тапсырманы тұжырымдамалық картаға түсірді.Басқа топ критерий бойынша бағалап отырды.Сабақты бекіту кезінде оқушылармен «Айналмалы бекет» әдісін қолданып ,сабақты қорыттық.

«Т» кестесі арқылы әр оқушы бүгінгі сабақ бойынша кестені толтырды.Топ басшысы ашық журнал арқылы топ мүшелерін бағалады.Сабақ соңында оқушылар кері байланыстарын жазып, жұлдызды сәтін көрсетті.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 49 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 110

Похожие материалы