Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Спандияр Көбеев. Екі соқа. (1 сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Видеоуроки
Автор:

Уақыты:

12 . 03. 2015ж

1 «Е» сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Спандияр Көбеев. Екі соқа.

Сабақтың мақсаты:

Жер-су аттары бас әріптен басталып жазылатын ережені еске ұстай отырып , жұмыс барысында пайдалануға баулу.

Сілтемелер:

1 сынып «Ана тілі» оқулығы Атамұра 2012ж сайтты жазу

Күтілетін нәтижелер:

1.Мәтінді өздігінен түсінуге, талдауға үйрету.

2.Өз ойы мен алған әсерлерін жеткізеді.

3.Топтық жұмыс жасауға, өзін бағалауға үйренеді.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

жеке жұмыс, топтық жұмыс, кері байланыс, АКТ-ны қолдану. Миға шабуыл стр.

Қолданылатын материалдар:

Интертақта, слайд, оқулық, Суреттер, кеспе карта, қосымша тапсырмалар.

Оқушылардың құрал- жабдықтары:

Фишкалар үш түсті, топтың аты, оқулық, постер, стикер, маркер, А 3. Т б

Оқыту технологиясы:

СТО, АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту ж/е оқудағы жаңа тәсілдер.

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең –Қазақстан картасымен жұмыс

а. Ой қозғау. Д/о. «Жылдам ойлан» (3 мин)

б. Сабақтың тақырыбын ашу

ә. Миға шабуыл ( 5 мин) ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (мин)

в. 101 - жаттығу (ауызша) (3 мин)

г. Дәптермен жұмыс 100-ж (7 мин)

д. Мәтінмен жұмыс (5 мин)

ж. Постер (15 мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – Рефлексия (2 мин)

V кезең – үйге тапсырма беру (1 мин)

Іс – әрекет

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин)

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.

Ой қозғау (3)

Д/о: «Жылдам ойлан» Қазақстан картасына қарай отырып қала, жер, су аттарын кеспемен жазғызу.

Кеспелерді пайдаланып қала, жер, су аттарын жазады

Миға щабуыл (5)

- Қала – жер – су аттары қандай әріппен бастап жазылған? Неліктен? - Бұдан қандай ереже шығарасыңдар? -Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Ереже шығарады

Топқа біріктіру

Қала, тау, су аттарымен топқа біріктіру

«Астана», «Каспий», «Алатау»

Топқа бірігеді

VІ. Жаңа сабақ:

- Балалар, тек адам аты ғана емес, сонымен қатар жер су аттары да бас әріптен басталып жазылады екен. Қазақстан, Каспий теңізі, Нұра.

Оқулықпен жұмыс (3 мин)

101-жаттығу /ауызша/

1. «Ертіс» сөзінің бас әріптен басталып жазылатынын түсіндіріңдер.

Жаттығуды талқылайды

Дәптермен жұмыс (7 мин)

100 –жаттығу 1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. 2. Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар. 3. Бұлар қандай сөздер? Ненің атын білдіреді?

VІI. «Болжау стратегиясы» (5-мин)

«Түртіп алу»

С. Көбеев. Автор туралы қысқаша мәлімет беру.

Екі соқа.

Сөздікпен жұмыс. Түсініп оқу

Бейнебаян.

-Бейнебаяннан не көрдіңдер?

-Егінші соқаны не үшін пайдаланады?

-Үлкен егістікте соқаны неге жегеді? Себебі?

Тыңдайды, талқылайды

Қол соқасының жұмысын. Сұрақ – жауап.

Постер . (15 мин)

Ойлан– топтас талқыла

1-топқа – Екі соқа мәтіні бойынша әңгімелеу, сахналау. ІІ – топқа – Еңбек туралы мақал – мәтелдерді суретке сәйкестендір. ІІІ – топқа - Көктемгі еңбек жайында әңгімелеңдер

Постер қорғайды

ҮІІ. Бағалау

(2 мин)

1.Сабақ барысындағы басқа тапсырмалар бойынша әр жұмыс бағаланып отырады.

2. Формативті бағалау

Өзін – өзі бағалайды.

Рефлекция (2 мин)

Оқушылар өз ойларын жазады.

Х. Үйге тапсырма. (1 мин)

102-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 28.24 Mb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 165

Похожие материалы