Сабақтың тақырыбы: Бестік кімге бұйырады?

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:    Бестік  кімге  бұйырады? Көмектес септік.
Мақсаты: а) зат есімнің септелуі туралы алған білімдерін әрі қарай жалғастыру.Көмектес септігі туралы түсінік беру, сұрақтарын, жалғауларын меңгерту. Көмектес септігінің қызыметінің өрісінің кеңдігін жаттығуларды орындау барысында түсіндіру.
ә) Сөздерді септей білу дағдыларын, олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Танымдық ой - өрісін дамыту. Сөздік қорын дамыту.
б) Халқымыздың ұлттық құндылықтарын пайдалану арқылы балаларды ұлттық салт - дәстүрді сүюге, оны білуге ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   сызба

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Сыныпты үш топқа бөлу   «Алтын сандық»  ішінен  қарамай  бір суреті таңдап алады
Психологиялық дайындық.

Әр оқушы өздері дайындап келген  тілек хаттарын бір-біріне тапсырады.

Мұғалім әр топқа өзінің тілек хатын тапсырады. 

1.       Біз не білеміз?(Үйге берілген тапсырманы сұрау)

Мақсаты: Орындаған жаттығуларын пайдалана отырып 3-4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрап шығу.  Қай септікте тұрғанын дәлелдеу.

Ә)   1-топ                                  2-топ                     3-топ

     Өнер                                  су                              кітап

сөздерін  септеп шығу

 

- Балалар біз қандай тақырыпты өтіп жатырмыз?
- Зат есімнің септелуі.
- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
- Зат есімге септік жалғауларының жалғануын зат есімнің септелуі дейміз.
- Қазақ тілінде неше септік бар? Және ол туралы қандай ертегіні өтіп жатырмыз?
- қазақ тілінде 7 септік бар, және ол туралы «Септік шалдың жеті ұлы» деген
ертегіні өтіп жатырмыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.85 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 200

Похожие материалы