Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі. Бұрыш түрлері тақырыбына есептер шығару.

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың мақсаты:

               Білімділік: Оқушылардың «бұрыш», «бұрыштың түрлері» тақырыптары бойынша 

                                   алған білімдерін тиянақтау, бекіту.

               Дамытушылық: Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушының тақырып туралы      

                                   түсініктерін кеңейту, берілген бұрышты сала, өлшей білуге, бөле білуге             

                                   үйрету. Логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.

               Тәрбиелік:  Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге,ұқыптылыққа, нақтылыққа, өз 

                                   бетінен топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Принципке сәйкес

                                   бұрышты анықтай білу.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ассоциация, ой қозғау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, геометрия, дүниетану.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, кестелер, сызғыш, сағат, лента т.б.

Сабақтың барысы: 1. Қызығушылығын ояту.

                                    2. Ой қозғау. Қайталау сұрақтары.

                                    3. Мағынаны ажырату. Практикалық тапсырма.

                                    4. Ой толғаныс.

 

1. Қызығушылығын ояту. Балалар, бізде математика сабағы. Бәріміз де тақтаға қараймыз.

1.      Санасаң, бір үйде төртеу бар,

Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр.    (бұрыш)

2.      Балаларды жазалайтын фигура.     (бұрыш)

3.      Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?   (төртбұрыш)

Олай болса, біздің сабағымыз осы бұрышқа яғни, фигураға арналады.

Үй тапсырмасын қайталау. Ол үшін топқа бөліне қоямыз.

Кеспе қағаздарды алып, буыннан сөз құрап, топ құрамыз.

           

 

Сү – йір                 тік                до – ғал  

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 515 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 218

Похожие материалы