Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар шкаласы (8 сынып)
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жусипназарова Гулмайра Макуакызы
|
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:
Электромагниттік толқындар шкаласы
Мектеп: НЗМ
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні
СЫНЫП: 8
Сабақта
Оқушылардың саны:
Сабақта жоқ оқушылардың саны:
Сабақтың оқу мақсаттары
Электромагниттік спектрдің негізгі компоненттерін сипаттау;
ЭМТ шкаласының көмегімен электромагниттік толқындардың қасиеттерін білу және түсіну;
4
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология
Амплитуда, толқын ұзындығы, толқынның өркеші және ойысы, жиілік, герц (Гц), электромагниттік толқыннын жылдамдығы,вакуумда, таралу бағыты, көлденең толқын, бойлық толқын
Диалогқа/жазуға қажетті сөз
тіркестері
Көлденең толқын үшін (электромагниттік толқын)...
Амплитуда бұл тепе-теңдік қалпынан (модулі бойынша) ең үлкен ауытқу.
Толқын ұзындығы деп бiрдей фазада тербелiп тұрған iргелес (ең жақын) екi нүктенiң ара қашықтығына тең шаманы айтады
Толқынның өркеші диаграммада толқынның төбесі (пик) түрінде белгіленеді.
Толқынның ойысы диаграммада толқынның төмен түскен бөлігі.
Жиілік бір секундтағы толқындар саны.
Барлық электромагниттік толқындар бірдей жылдамдықпен таралады.
Вакуумда дегеніміз ауасыз кеңістікте таралуу дегенді білдіреді.
Таралу бағыты толқынның таралу жолын көрсетеді.
Көлденең және бойылық толқындар материяны тасымалдамай, энергияны бір орыннан екінші орынға тасымалдайтын тербелістер.
Тербеліс болып өткен түзудің бойымен таралатын толқын бойлық толқын деп, ал көлденең толқындар толқындағы бөлшектер тербелісінің бағытына перпендикуляр бағытта таралатын толқындар.
Қысқаша
шолу
Электромагниттік толқындар шкаласымен танысады. Электромагниттік сәулелер түрлерімен танысып, оларды сипаттайтын физикалық шамаларды біледі, толқын ұзындығы мен жиілігі байланысты түрлерін ажырата алады.
Жоспарланған іс-шаралар
Ресурстар
(W) Толқын ұзындығының ретімен электромагниттік спектрдің элементтерін көрсету үшін диаграмма сызу немесе дайын диаграмманы пайдалану.
Әрбір элементті кезекпен-кезек демонстрациялау және олардың қасиеттері мен қолданылуын тұжырымдау.Толқын ұзындығына және қасиеттеріне байланысты оқулықты беру.
(G) немесе (I) Оқушылардан ЭМ спектрінің бір элементін зерттеп және ол туралы ақпаратты сыныпқа ұсынуды сұраңыздар.
Әрбір топ берілгендер кестесін, жұмыс парағын және практикалық демонстрацияны немесе электромагниттік толқындар туралы интернеттен алынған видео-баяндар жасай алады.
Электромагниттік толқындар шкаласы (v < 1021 Гц) төменгі жиілікті толқындар мен радиотолқындардан бастап, гамма сәулелерге дейінгі (v < 1021 Гц) аралықты қамтиды.Жиілігі мен толқын ұзындықтары әр түрлі электромагниттік толқындарды шартты түрде шығарып алу және тіркеу тәсілі, затпен өзара әсерлесу сипаты бойынша диапазондарға бөледі. Төменгі жиілікті толқындар шығару, радиотолқындар, инфрақызыл сәулелер, көрінетін жарық, улътракүлгін сәулелер, рентгендік сәулелер жәпе - гамма шығару деп диапазондарға бөлу қабылданған:
1. Төменгі жиілікті толқындар
Бұл толқындарды арнайы жасалған генераторлар мен айнымалы токтың генераторлары шығарады. Электрлік приборлар мен электрлік қозғалтқыштардың басым көпшілігі жиілігі 50—60 Гц айнымалы токпен қоректенеді.
2. Радиотолқындар
Радиосәулелерді шығаратын генераторлармен таныссыңдар. Олардың толқын ұзындықтары 10−6м-ден 5 ·104 м-ге дейінгі аймақты қамтиды.
3. Инфрақызыл сәулелер шығару
Толқын ұзындығы 2 мм-ден 760 нм-ге дейінгі, жылулық және электрлік әсерлерден молекулалар мен атомдардың тербелісі кезінде инфрақызыл сәулелер шығады. Оны 1800 ж. Гершель ашқан еді.
Инфрақызыл толқындарды кейде жылулық сәуле деп те атайды. Адамның көзіне әсер етіп, көру сезімін туғызатын электромагниттік толқынның бөлігін көрінетін жарық дейді. Ол ұзындығы 380 нм (күлгін түс) мен 760 нм (қызыл түс) толқын аралықтарында болады және электромагниттік толқындардың диапазонында өте шамалы бөлікті құрайды.
4. Ультракүлгін сәулелер шығару
Толқын ұзындығы 400 нм-ден 10 нм-ге дейін болатын ультракүлгін сәулелерді шапшаң электрондардың әсерінен туындайтын солғын разряд арқылы алады. Ультракүлгін сәулелерді 1801 жылы И . Риттер мен У . Волластон алғаш рет шығарып алған. Ультракүлгін сәулелер де инфрақызыл сәулелер сияқты көрінбейді.
5. Рентген сәулелері
1895 жылы В . Рентген толқын ұзындығы 10 нм-ден 10−3нм болатын, ультракүлгін толқындар ұзындығынан қысқа сәуле шығарудың түрін ашты. Рентген сәулелері шапшаң электрондар мен зарядталған бөлшектер кенет тежелгенде пайда болады. Қолданылу аймағы өте кең рентген сәулелерінің көзі рентген түтіктері болып табылады. Рентген бұл сәулелердің қасиеттерін зерттеу арқылы олардың жұтылуы түрліше екенін анықтады. Көбірек жұтылатын сәулелерді жұмсақ, нашар жұтылатын сәулелерді қатқыл рентген сәулелері деп атаған.
6. Гамма-сәуле шығару
Электромагниттік сәуле шығарудың ішіндегі толқын ұзындығы ең қысқасы — гамма-сәулелер. Олардың толқын ұзындығы 10−10м мен 3*10−13 м аралығында болады. Гамма-сәулелер қозған атом ядроларында және радиоактивті ыдырау құбылысы кезінде шығарылады. Оның көзі Жер бетінде де, ғарышта да кездеседі. Ғарыштан келетін электромагниттік сәуле шығарудың кейбір бөлігі ғана Жер атмосферасында жұтылмай өтеді. Ал гамма-сәуле шығарудың барлығы дерлік Жер атмосферасының озон қабатында жұтылады. Жер бетіндегі тіршіліктің өмір сүруі тікелей осы озон қабатының сақталуына байланысты. Электромагниттік сәуле шығарудың жеке түрлерінің арасындағы сапалық айырмашылық толқын ұзындықтары қысқарған сайын байқала бастайды. Қысқа толқынды электромагниттік сәулелерде корпускулалық қасиеттер басым болады.
Пайдалы сұрақтар мен демострациялар: http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/introducing-waves
http://www.colorado.edu/physics/2000/waves_particles/index.html
Кері байланыс
W- толық сыныппен жұмыс жасау :
Нәтижені талдау және тапсырманы бәрінен де жақсы орындаған оқушыны марапаттау.
Сабақ туралы оқушылардың пікірлерін білу.
Үй тапсырмасы.
Әр оқушыға тақырып бойынша ақпарат.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты /
оқу мақсаты дұрыс па? Оқушылар бүгін не
оқып-үйренді?
Оқу атмосферасы қандай болды?
Мен сабақ құрылымын сәтті дайындай алдым
ба?
Мен уақытты сақтадым
ба?
Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім?
Мен сабақта сынып
және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 182.24 Kb |
Количество скачиваний: | 70 |