Сабақтың тақырыбы: Есімдіктің емлесі. Есімдіктен өткенді қайталау

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

1.Қосарлану арқылы жасалған күрделі есімдіктер дефис арқылы жазылады  

   Кімде-кім,өзімен-өзі,бірде-бір қандай-қандай

2.Еш,бір,кей,қай,әлде,бір есімдіктері есімдікпен тіркескенде бірге жазылады.

   Ешкім,бірнеше,қайбір,әлденеше,бірнеше

3.Осы сөздер зат есіммен,сын есіммен тіркескенде бөлек жазылады.

   Еш жұмысым жоқ,кей жылы,қай кезде,әр нәрсе

4.Бір деген белгісіздік есімдігі мына сөздермен тіркескенде бөлек жазылады.

   Бейне бір(бейне бір түс көргендей болды),белгілі бір(белгілі бір ережеге сүйенеді).

5.Неше деген есімдікке –інші жұрнағы қосылғанда неше сөзіндегі е дыбысы түсіп қалады.

6.Бірыңғай мүшелерден кейін жалпылау есімдіктері(бәрі,барлығы,баршасы,күллі,бірі )

 келсе,олардың алдынан сызықша қойылады.

Асыл,Алмат,Арыс-бәрі алтыншы сынып оқушылары.

 

 203-жаттығу

Берілгені:Мысалдарды емле ережесіне сәйкес жазып шығыңдар.

Еш(кім)-ешкім.Себебі екеуі де есімдік.

Еш(теңе)-ештеңе

Әр(кімнің)-әркімнің

Өз(жері)-өз жері

Әр(қайсысымен)-әрқайсысымен

Кей(біреу)-кейбіреу

Кей(адам)-кей адам

Кей(жері)-кей жері

Кей(бір)-кейбір

Әр(қашан)-әрқашан

Әр(үйдің)-әр үйдің

Өз(алдына)-өз алдына

Бір(күндерде)-бір күндерде

Әр(қайсысы)-әрқайсысы

Әр(қилы)-әрқилы

Әр(түрлі)-әр түрлі

 

     Енді мына мәтінге зер салыңдар

    Одан есімдіктің мағыналық түрін табыңдар

   Абай Әйгерімді осыдан үш ай бұрын ұзатып әкелген еді.Қазір басында желегі бар жас келіншек қалыңқонақ ортасында,Абай қасында отыр.

Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше.Ол-өңшеңқыз-келіншек пен бозбала.Жиын бастығы Абай болып қазіргі сәтте мына ауылдыңөзге тірлігінен оқшау бөлінген бір топ тәрізді.Осындай ойын-сауық жиынның ортасында еңқадірлі бір топқонақ бар.Шет елден келген келген қонақ.Бұлар-қазір төрдің тап ортасында,жағалай көрпе үстінде,үлкен ақ жастықтардышынтақтаған сал-серілер.Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі,сүйіктісі-мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырғанорта бойлы,қызғылт жүзді,кең ақ маңдайлы,нұрлы жігіт.Ол-Арқаға аты шыққан,бүкіл Орта жүзді асыл саз,әсем үнімен ұйытқан Біржан сал.

                                                                                                  М.Әуезов «Абай жолы»романы

                         205-жаттығу

Даналық кітабы

Жаттығудан есімдікті құрамына,жасалу жолына қарай талдау.

 

Автор орындығы

Оқушыларға 3 топқа суреттер арқылы әңгіме құрау

Ескертетін жайт құраған әңгіме ішінде есімдіктердің мағыналық түрі болуы керек.

Оны автор орындығы арқылы отырып баяндап айтады.

 

 

Сергіту сәтін ұйымдастыру

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.99 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 112

Похожие материалы