Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Дауысты дыбыстар

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Өзіндік талдау

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша

Пән мұғалімі Тастанкулова Сайраш Серикболовна

Тақырыбы: Фонетика. Дауысты дыбыстар

Мақсаттарым:

білімділік: Оқушыларды дауысты дыбыстар туралы білімдерін толықтыру; олардың түрлерін меңгерту; мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, іздену, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
тәрбиелік: Оқушыларды өз мектебіне, сыныбына деген ізгі ниеттерге, пәнге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топтық жұмыс,
Көрнекіліктер: Дауысты дыбыстарға байланысты презентация, видео, кеспе қағаздар, т. б
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Достарым, сіздердің көңіл - күйлеріңіз қандай?
Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын өзіме аударып, бүгінгі сабақтың ерекшелігін айттым.Сыныпты фигуралар арқылы топқа бөлдім.1-топ шаршы,2-топ шеңбер,3-топ үшбұрыш,4-топ ромб деп алып ,әр топтың ерекшеліктерін айтып өттім.Сол себепті бүгінгі сабақта бірнеше сатылардан өте отырып,бәріңді білім шыңына шығуға шақырамын деп,әр топтың топ басшыларын сайлап алдым,топ басшылары сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды смайлик арқылы бағалайтынын да назардан тыс қалдырмадым.

Менің сабағым қайталау сабағы болғандықтан бірінші тапсырмам сұрақ –жауап болды.

Бұл сұрақтар 3 топқа бірдей қойылды.Сұрақтың саны -16.Сұраққа жауап беріп болғаннан кейін «Дыбыс пен әріп»деген тақырып бойынша

2-тапсырма жазбаша түрде болды. Фонетикалық талдау.Төрт топқа төрт түрлі сөз берілді.

Оқушылар сол тапсырма бойынша жұмыс жасады

3-тапсырма. Сызбамен жұмыс: Мынау қорапта әр түрлі суреттер берілген. Бұл суреттер 3 данадан жасалған. Суреттердің барлығы дауысты дыбыстардан басталады.
Тапсырма: Сол суреттердің бірінші әрпі арқылы, дауысты дыбыстардың түрлеріне жіктеу. /Үлкен сызбаға жапсырады/
Тілдің қатысына қарай Жақтың қатысына қарай Ерін мен езудің қатысына қарай
жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік

4-тапсырма. Мақал - мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, қалпына келтіру. Дауысты дыбыстардың түрлеріне жіктеді.
І топ: Талап – талмас қанат.
Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос.
ІІ топ: Адамдықтың белгiсi –
Иiлiп сәлем бергенi,
Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе

ІІІ топ: Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.

ІҮ топ: Әдепті бала – арлы бала,
әдепсіз бала – сорлы бала.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.
5-тапсырма. Шығармашылық жұмыс: Бейнематериал көрсету. «Қыс қызығы» тақырыбында ойтолғау жазу. «ыстық орындықта» шығармашылық жұмыстарын оқу
ІІІ. Бекіту кезеңі:
«Келісемін - келіспеймін» стратегиясы
1. Қазақ тілінде 42 әріп бар - келісемін
2. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар - келіспеймін
3. Әліпби сөзі парсы тілінен шыққан - келіспеймін
4. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай жуан, жіңішке деп бөлінеді - келіспеймін
5. Ерін мен езудің қатысына қарай еріндік, езулік деп бөлінеді - келісемін
6. Қазақ тіліне тән 10 дыбыс бар - келіспеймін
7. Қазақ тілінде 10 дауысты дыбыс бар - келіспеймін
8. Дауысты дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауа кедергісіз шығып, үннен ғана тұрады.
ІҮ. Үйге тапсырма: 242 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріп жазды.
Ү. Бағалау: Топ басшылары сабаққа жақсы ат салысқан оқушыларды бағаланды. Оқушылардың пікірлерін тыңдаңдалды.

Сабақ соңында қорытындыланы,үйге тапсырма беріп,топ басшыларына сабаққа жақсы қатысып отырған оқушылардың бағаларын айтқызып,сабақты рефлексия, яғни «Екі жұлдыз,бір тілекпен»аяқтадым

Қорыта келгенде сабақ өз мақсатына жетті. Жоспар бойынша көзделген этаптар түгел орындалды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.64 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 90

Похожие материалы