Сабақтың тақырыбы: "Әліппе "х" дыбысы"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы:  «Хх  дыбысы мен әрпі»

Сабақтың  мақсаты: 

Білімділігі:  оқушыларға  Хх  әрпі мен дыбысы     туралы білім беру.  Сөз ішінен  Хх  әрпін табу. Мәтінмен жұмыс жасатуды үйреті.

Дамытушылығы:  баланың  тілін бейнелі сөзбен байыту. Сөйлеу мәдениетін  дамыту. Сауаттылыққа  дағдыландыру, жетілдіру.

Тәрбиелігі:  тазалықа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер,  дайындалған слайдтар,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

Ι.Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық.

 

“Кім дейміз?”

1.Сыйлап  үлкен  ағаны,

Сәлем  берген баланы.

Кім  дейміз? (әдепті  екен  бұл дейміз)

2.Кітап, дәптер, қаламы,

Кір  шалмаған  баланы.

Кім дейміз? (ұқыпты  екен бұл  дейміз)

3.Таудай  биік  талабы,

Жақсы  оқитын  баланы.

Кім дейміз? (үлгілі  екен  бұл  дейміз)

 

ΙΙ.Үй тапсырмасын тексеру

Дүйсенбі:  Өткенді пысықтау.

1.     Өлеңді жатқа айту.  «Таңқурай мен қорбаңбай».

2.     “Асыл мұра”  мәтіні, мәнерлеп оқу.

3.      “Жоғалған әріп” – ойыны.

ΙΙΙ.Жаңа сабақ

Сейсенбі:  Жаңа сабақ.

Ой қозғау: әңгіме.

         Өзен үстінде ұшып келе жатқан Қарға Шаянды көзі шалып қалды. Қарға әлгі Шаянды ұстап алады да, бұтаққа келіп қонады. Енді құритынын сезген Шаян:

-         Қайран Қарға-ай, сенің атаң мен анаңды білуші едім, өздері жақсы құстар еді,-дейді.

Шаян тағы да:

-         Олар соншама жақсы құстар болғанымен, саған жету қайда! Сендей ақылы асқан құсты көрмедім,-дейді.

Мақтау сөз қарғаның жанына жағып кетеді де:

-          Х -х-ха!   Х-х-ха!    Х-х-ха!  -деп айтады.

Бүгінгі сабағымызда Хх дыбысы мен әрпімен танысамыз.  (жазылуы және баспа түрі).

Хх дыбысы дауыссыз дыбыс, көбіне араб, парсы сөздерін енген сөздерде кездеседі.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 6.09 Mb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 127

Похожие материалы