Сабақтың тақырыбы: «PowerPoint программасында презентацияға мультимедиялық анимация енгізу»
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Минабил Амангуль Минабиловна
|
Мақсаты:
Білімділік:
· Power Point бағдарламасының көмегімен графикалық объектілерге анимация енгізу;
· Берілген алгоритм бой ынша жұмыс істеп үйрену;
· PowerPoint бағдарламасында тәжірибе барысында орындаған білімдерін игеру.
Дамытушылық:
· Жадысын, назарын дамыту;
· Шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
· Бағдарламамен жұмыс істеу барысында өзбетімен жұмыс істеуді дамыту;
· Тиянақты жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік:
· Өзбетімен жұмыс істеуге, төзімділікке;
· Өзіне бақылау жасай білуге тәрбиелеу;
· Жан-жақтылық белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас (жаңа сабақты түсіндіру, тәжірибелік жұмыс).
Құрал жабдықтар:
· Заманауай техникамен қамтамассыз етілген компьютер сыныбы, видеопроектор, экран
· Windows XP ОЖ бар компьютер, программа Microsoft Office 2007,2010 PowerPoint, колонкалар.
· Сөзжұмбақ, тест, презентация.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі, білімін тексеру, техника қауіпсіздігі бойынша ойын жүргізу.
II. Сөзжұмбақ шешу.
III. Жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
IV. Жаңа сабақты берілген алгоритмдер бойынша түсіндіру.
V. Тәжірибелік жұмыс
VI. Сергіту сәті
VII. Тест
VIII. Рефлексия
IX. Оқушыларды бағалау
X. Сабақты қорытындылау.
XI. Үй тапсырмасы
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі, білімін тексеру, техника қауіпсіздігі бойынша ойын жүргізу.
Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері “Иә-Жоқ” ойыны
ІІ. Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ шешу.
ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
üMS PowerPoint бағдарламасында анимация түрлерін көру, танысу;
üКомпьютермен жұмыс істеу мәдениетін арттыру;
üОқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;
üСлайд объектілеріне анимация орындау және оларды слайдқа қолдану.
IV. Жаңа сабақты берілген алгоритмдер бойынша түсіндіру.
Белгілі бір тақырып бойынша слайдтар жиынтығының тізбегін презентация деп атайды
Слайд – дегеніміз презентацияның жеке фрагменті (кадр).
Мультимедия – презентацияға ақпаратты түрлі әдістермен ұсыну: сан, мәтін, графика, анимация, видео, дыбыс түрінде
V.Тәжірибелік жұмыс
VI. Сергіту сәті
Сергіту сәтінде PowerPoint программасында жасалған көзге арналған жаттығулармен көзді демалдырып, оқушыларды сергіту.
VII. Тест
· 1.Информатика сөзінде неше символ бар? -11
· 2.Программамен басқарылатын аналитикалық машинаның авторы - Беббидж
· 3.Қосуды орындайтын машинаны тапқан адам-Паскаль
· 4.Лейбництің механикалық санай машинасы-арифмометр
· 5.ЭЕМ –нің ІІ буынының элементтік базасы-транзистор
· 6.Компьютердің миы-процессор
· 7.Слайд жасауға арналған программа-Power Point
· 8. Сегіз биттен тұратын топ-Байт
· 9. Нүктелер мен сызықшамен кодталатын әліппе - Морзе
· 10.ЭЕМ-нің І буынының элементтік базасы- лампа
VIII. Рефлексия
IX. Оқушыларды бағалау.
Сабақ барысында сұрақтарға жауап берген оқушыларға жасыл, қызыл түсті жұлдызшаның тарату. Оқушыларды сол жұлдызшаның көмегімен бағалау.
X.Сабақты қорытындылау.
Power Point –программасының көмегімен көзге арналған жаттығу жасалған, сол слайдты оқушыларға көрсету, рефлексия барысында оқушылар өздерінің сабақ барысында алған білімдерін, тәжірибе барысында орындаған жұмыстарына қорытындылап өз ойларын айтады.
ХІ. Үй тапсырмасы
Power Point программасының көмегімен көзге арналған жаттығу жасап келу, оған дыбыс, видео, анимация енгізу.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 9.18 Mb |
Количество скачиваний: | 7 |