Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі. 8- сынып

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушы іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, ойын шапшаң, жинақы жеткізе білуге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істей білуге баулу. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, парасаттылыққа тәрбиелей отырып, қасиетті домбыраны кие тұтуға, түйе малын қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, тарих, саз өнері. Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сұрау-жауап, «Қоржын» ойыны, «Әдебиет лотосы» (Суреттеу, салыстыру, зерттеу, қолдану, оймен байланыстыру, талқылау), ПОСТЕР әдісі , СКТ технологиясы, кестелер толтыру т.б. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, Т.Ахтановтың портреті, домбыра, асық, қоржын. Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі а/ Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу. ә/ Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, бейімдеу ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, ат қою. Әр оқушы жұлдызша суыру арқылы тобын белгілеп алады.

І топ «Ұлағат» ІІ топ «Парасат» Топ басшысы: І.Толепбаева Топ басшысы: Қ.Тұрлыманова
Өткенді пысықтау.Тест сұрақтарына жауап алу. ІІІ. Жаңа сабақ Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.

Т. Ахтановтың өмірінен мағлұмат беру. Электронды оқулықтан көрсету.
«Аңыз» жайлы электронды оқулықтан тыңдату.
Әңгіменің мазмұнын баяндап беру.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 369.73 Kb
Количество скачиваний: 72
Просмотров: 294

Похожие материалы