Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин Сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, «Қазақ хрестоматиясына» енген
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жармуханова Индира Бактыгалиевна
|
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин
Сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармаларымен таныстыру;
а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, тарихи тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Ақын – жазушыларды, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндау, өнегелі білім алу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс,баяндау ,сұрақ- жауап , сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ыбырай Алтынсариннің портреті,нақыл сөздері,кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны ашу сатысы.
а) Топпен жұмыс.
ә) Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
а)Топтастыру
ә) Бағалау.
б) Үйге тапсырма.
Сабақ барысы:
1.Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Ыбырайдың өмірі.
Шығармашылығы.
2.Мағынаны ашу.
Мәліметтер ұсыну.
INSERT әдісі. Ы.Алтынсарин жөніндегі мәліметтерді мұқият оқып шығып,көрсетілген белгілерді пайдалана отырып.кестені толтыр.
Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру
Топтық жұмыс Ы.Алтынсариннің әңгімелерімен жұмыс
1-топ «Зерттеуші»
Міндеті: басты кейіпкердің мінезін сипаттау, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу.
2-топ «Баяндап беруші»
Қысқаша мазмұны.
3-топ «Бейнелеуші-суретші»
Міндеті: шығармадағы кейіпкердің немесе оқиғаның бір сәтін салу.
4-топ «Дәнекер»
Міндеті:болған оқиғаға автордың көзқарасын айту, негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.
5-топ «Сұрақтар құрастұрушы»
Міндеті:негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әнгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды.
3.Ой-толғаныс
Ассоциялау.
Ы.Алтынсарин кім?
Әңгімелеріндегі тәлім- тәрбие
Үйге тапсырма
1.Әңгімелерді оқу, мазмұндау
2. «Ыбырай- әңгіме шебері» эссе жазу
3.Оқушыларды бағалау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.82 Kb |
Количество скачиваний: | 35 |