Сабақтың тақырыбы: Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

7 сынып                                       

Сабақтың тақырыбы: Заттың  күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға молекулалық-кинетикалық теория тұрғысында заттық күйлерін жете түсіндіру.                          

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, шыны түтік, су.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.    Әтір исі не себептен бөлмеге тарайды?

2.    Диффузия деген не?

3.    Молекула дегеніміз қандай бөлшек?

4.    Молекуланың көрнекі кескіні.

5.    Қандай жылу құбылыстарын білесің?

6.    Тапсырманы ауызша оқыту жекелей.

ІІІ.  Жаңа сабаққа дайындық.

А) Қандай заттың түрін білесің?

Ә) Атап шығыңдар.

ІV.  Жаңа сабақты түсіндіру. 

Жаңа сабақты электрондық оқулық арқылы түсіндіру.

1. Қатты денелер.

2. Сұйық денелер.

3. Газ тәріздес денелер.

4. Әрқайсысының молекулаларының қозғалысы.

Заттың агрегаттыќ күйлері

Қыста өзен және көлдердегі судың беті қатып, мұзға айналады. Мұздың астында су сұйық күйде ќалады (76-сурет). Бұл жерде бір мезгілде судыңәр түрлі екі күйі — қатты (мұз) және сұйық (су) күйі болады. Судыңүшінші газ тәрізді күйі де бар: күзге көрінбейтін су буы бізді қоршаған ауада болады.

Суды мысалға ала отырып, біз заттыңүш агрегаттық күйде — қатты, сұйық және газ күйінде бола алатынын көрдік.

Сұйық сынапты термометрдің резервуарынан көруге болады. Сынаптыңүстінгі жағында оның булары болады, ол сынаптың газ күйін көрсетеді. Температура — 39 С болғанда сынап қатады да, қатты күйге айналады.

Оттегі біздіңқоршаған ауада газ күйінде болады. Бірақ— 193 С температурада ол сұйыққа айналады екен. Бұл сұйықты — 219 С-ға дейын мұздатсақ, онда біз қатты күйдегі оттегіні аламыз.

Керісінше, темір қалыпты жағдайда қатты күйде болады. Алайда 1535 С температурада ол балқып, сұйыққа айналады. Балқыған заттыңүстінде оның атомдарынан түзілген газ болады.

Заттардың ќасиеттері әр түрлі агрегат күйде түрліше болады.

қатты дененіқалыпты жағдайда сығуға немесе созуға болмайды. Сыртқы әсер болмағанда ол өзінің формасы мен көлемін өзгертпей сақтайды.

Сұйықөзінің формасын оңай өзгертеді. Қалыпты жағдайда ол өзі тұрған ыдыстың формасын ќабылдайды. (77-сурет). Бірақ салмақсыздық жағдайында (мысалы, орбиталық космостық станцияда) сұйықөзінің меншікті – сфералық формасымен сипатталады. Жаңбырдың кішкентай тамшыларының формасы да сфералық формада (тәріздес) болады.

Сұйықтың формасын оңай өзгертетін қасиетін балқыған шыныдан (78-сурет) ыдыс дайындауда қолданады.

Сұйықтың формасын өзгерту оңай, бірақ көлемін өзгерту қиын. Судың сығылмайтындығын тексерген бір тарихи дерек сақталған. Суды қорғасын шарға құйып, оны дәнекерлеп тастайды, қысқан кезде төгілмеу үшін. Одан кейін болат шарды ауыр балғамен соғады. Не болған? Су сығылмайды, керісінше қабырғасы арқылы сыртқа төгілген.

Сонымен, сұйықтар өз формасын тез өзгертеді, бірақ көлемін сақтайды.

Газдың меншікті көлемі де формасы да болмайды. Ол өзі тұрған ыдысты толтырып тұрады.

Газдардыңқасиетін зерттеу үшін оның түрлі түсті болуы міндетті емес. Мысалы, ауа түсі жоқ, біз оны көрмейміз. Бірақ біз тез қозғалғанда, автомобиль немесе поиыз терезесінің алдында тұрғанда, сол сияқты жел соққанда біздің айналамызда ауа бар екенін байќаймыз. Сол сияќты оны тәжірибе көмегімен сезуге болады.

Суы бар ыдысқа төңкерілген стаканды бастыратын болсақ, оның ішінде су кірмейді, себебі оның ішінде ауа бар. Егер суға шыны түтікпен резеңке шланг арқылы жалғасқан вороканы салсақ (79-сурет), онда ауа сыртќа шыға бастайды.

Газдың көлемін өзгерту қиын емес. Резина допты сығу арқылы, біз ондағы ауаның көлемін әжептеуір азайта аламыз.

Газ өзі тұ

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 343.71 Kb
Количество скачиваний: 34
Просмотров: 173

Похожие материалы