Сабақтың тақырыбы:Табиғаттағы су 8 сынып. Химия
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Наурызбаева Гульназ Чапетовна
|
Күні:2.03.2015 сабақ : № 48 пәні:химия Сыныбы:8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Су табиғи әмбебап еріткіш, сулыы ерітінділер және жүзгіндер, қоспаларды бөлу жлдары №5 көрсетілім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Судың тіршілік үшін маңызын тиімді пайдалану жолдарын түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушыларға меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың реакция теңдеулерін дұрыс жазуға, теңестіруге шығармашылық қабілетін ойын, жаңа технологияға сүйене отырып дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, экономикалық және экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, әңгімелеу,еептеу
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточкалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Түгендеу, топқа бөлу; 2)Үй тапсырмасын сұрау
2) Төмендегі реакция теңдеулерін аяқтаңыздар: №2 есеп
3) А) Na2 O + … = Na Cl + H2 O
4) B Li2 O + … = LiOH.
5) 3. Судың анықтамасын айт.
6) 4. Судың физикалық қасиеті.
7) Жауабы :Таза су-түссіз сұйықтық дәмі жоқ иіссіз, агрегатты күйі қатты сұйық газ.
8) 5. Сызба нұсқаны жүзеге асырыңдар.
9) H2 O- H2 – HCL – ZnCl2 ;
10) 1.2H 2 O = 2H 2 +O2
11) 2. H2 + Cl2 = 2H Cl
12) 3. 2HCl + Zn = ZnCl2+H2
Ой сергіту: Жұмбақ
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр)
Б) Сыйлап берген ... артық.(су)
“Су айналымы” қалай жүзеге асады?
Жаңа сабақ:
Глобусты көрсету арқылы түсіндіру. 4слайд.
-Жер бетінде ең көп таралған зат- су. Глобусқа қарасаң жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су: мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер.Тәжірибе: Табиғатта су сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі. Егер күн салқындап, температура нөл градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге , яғни қар мен мұзға айналады.
-Кішкене табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсаң, бірнеше күннен кейін, оның босап қалғанын көресің. Табақшадағы су қайда кетті? Ол із-түссіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты.
Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап, интерактивті тақтада жазу.
(жарық, су, ауа, тағам, жылу)
Ендеше, осы аталған 5 жағдайдың қайсысы шөл далада келе жатсақ керек болады?
-Су
-Судың неше қасиеті бар? ( сұйық, аққыш, еріткіш, иіссіз, мөлдір, түссіз)
-Судың қанша күйі бар?
-Үш күйі бар (сұйық, қатты, бу) жауаптарын жұмбақ шешу арқылы жазады.
1) Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)
2)Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (мұз , қатты күйі)
3)Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді (газ, бу күйі)
Теңіз суреті (4 жол өлеңді хормен оқу)
Су деген- тіршіліктің наны емес пе?
Су деген-табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол-ақиқат
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
Су табиғат байлығы. Тіршіліктің қайнар көзі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 52 Kb |
Количество скачиваний: | 55 |