Салыстырмалы теория. Эйнштейн постулаттары. Жылдамдықтарды қосу заңы. Ұзындық пен уақыттың салыстырмалылығы.
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Елеусизова Канифа Дархановна
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
Қалалық классикалық гимназия
Физика пәні мұғалімі Елеусізова Қанифа Айтқазықызы
Бақылау жұмысы «Салыстырмалы теория элементтері»
Салыстырмалы теория. Эйнштейн постулаттары. Жылдамдықтарды қосу заңы. Ұзындық пен уақыттың салыстырмалылығы.
1 нұсқа
1. Релятивтік физикадағы салыстырмалы теорияның І постулаты классикалық механика физикасындағы салыстырмалы принциптен айырмашылығы неде?
2. Жердегі бақылаушы көзқарасымен ғарыш кемесіндегі уақыт 2 есе кемісе, Жермен салыстырғандағы инерциялық санақ жүйесіндегі ғарыш кемесі қандай жылдамдықпен қозғалар еді?
3. Қозғалмай тұрған бақылаушымен салыстырғандағы екі ғарыш кемесі бір-біріне қарама-қарсы бағытта υ1=0,6·c және υ2=0,9·c жылдамдықпен қозғалды. Жылдамдықтарды қосудың классикалық механика және релятивтік заңы бойынша ғарыш кемелерінің бір-біріне жақындау жылдамдығын анықтаңдар.
2 нұсқа
1. Классикалық механика және релятивтік физика бойынша денелердің өзара әрекеттесу жылдамдықтарында қандай ерекшеліктер бар?
2. Қозғалыстағы дененің ұзындығы 10 %-ға қысқаратын болса, дене қандай жылдамдықпен қозғалады?
3. Қозғалмай тұрған бақылаушымен салыстырғандағы екі ғарыш кемесі бір түзудің бойымен, бір бағытта υ1=0,5·c және υ2=0,8·c жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдықтарды қосудың классикалық механика және релятивтік заңы бойынша екінші ғарыш кемесінің бірінші ғарыш кемесінен алыстау жылдамдығын анықтаңдар.
3 нұсқа
1. Инерциалды санақ жүйесі дегеніміз не?
2. Жермен салыстырғанда υ=0,8·c жылдамдықпен қозғалған ғарыш кемесінде 21 жыл өтсе, Жерде қанша жыл өтер еді?
3. К' санақ жүйесімен салыстырғанда А дене υ1=0,2·c жылдамдықпен, ал К қозғалмайтын санақ жүйесімен салыстырғанда υ2=0,8·c жылдамдықпен қозғалады. К санақ жүйесімен салыстырғандағы К' санақжүйесі қандай жылдамдықпен қозғалады?
4 нұсқа
1. Дененің тыныштықтағы ұзындығы деген не? Ұзындықтың қысқаруының физикалық мағынасы неде?
2. Жердегі бақылаушы үшін ғарыш кемесінің қозғалыс бағытындағы сызықтық өлшемі 4 есе қысқарды. Бақылаушының сағатымен салыстырғанда кемедегі сағат неше есе баяу жүреді?
3. К санақ жүйесімен салыстырғанда А дене υ=2·108 м/с жылдамдықпен, ал К санақ жүйесі М санақ жүйесімен салыстырғанда υ=-4·108 м/с жылдамдықпен қозғалады. М санақ жүйесімен салыстырғандағы Ксанақжүйесі және А денесі бірқалыпты және түзу сызықты қозғалса, М қозғалмайтын санақ жүйесімен байланысқан бақылаушымен салыстырғандағы А денесінің жылдамдығын анықтаңдар.
5 нұсқа
1. Меншікті уақыт жүйесі деген не? Уақыттың қысқаруының физикалық мағынасы неде?
2. Ғарыш кемесінің меншікті ұзындығы 15 м. Ғарыш кемесіндегі бақылаушы және υ=1,8·108 м/с жылдамдықпен қозғалған кемені бақылаушы үшін ғарыш кемесінің ұзындығын анықтаңдар.
3. К' санақ жүйесімен салыстырғанда А дене υ1=0,5·c жылдамдықпен, ал К' санақ жүйесі К санақ жүйесімен салыстырғанда υ2=0,8·c жылдамдықпен қозғалады. А денесі мен К' санақ жүйесінің жылдамдықтары бағыттас деп есептесек, К санақ жүйесімен салыстырғандағы А денесінің жылдамдығын анықтаңдар.
6 нұсқа
1. Бақылаушы орналасқан К санақ жүйесі А және В жарық көздерін қосатын түзу бойымен υ жылдамдықпен қозғалады. Қозғалмайтын А және В жарық көздерінентаралған фотондар қандай жылдамдықпен қозғалады?
2. Қозғалыс бағытындағы дененің меншікті ұзындығы 5 есе азайса, дене қандай жылдамдықпен қозғалар еді?
3. Қозғалмай тұрған бақылаушымен салыстырғандағы екі дене бір-біріне қарама-қарсы, бірқалыпты және түзу сызықты бағытта υ1=0,8·c және υ2=0,5·c жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдықтарды қосудың классикалық механика және релятивтік заңы бойынша денелердің бір-бірінен алыстау жылдамдығын анықтаңдар.
Дене массасының жылдамдыққа тәуелділігі. Масса мен энергия арасындағы байланыс. Фотон энергиясы, импульсі және массасы.
1 нұсқа
1. Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалған денеге тұрақты күшпен әрекет еткен дене үдеуі қалай өзгереді?
2. Қандай жылдамдықта бөлшектің кинетикалық энергиясы тыныштық энергиясына тең болады?
3. Квант импульсі 6,62·10-28 Н·с-қа тең болса, сәулелену жиілігі неге тең?
2 нұсқа
1. Масса мен энергия арасындағы байланыстың физикалық мағынасын түсіндіріңдер.
2. Бөлшек υ=0,8·c жылдамдықпен қозғалады. Қозғалыстағы бөлшектің массасы тыныштықтағы массасынан қанша есе артық?
3. Толқын ұзындығы 500 нм фотон сәулесінің массасы мен энергиясын анықтаңдар.
3 нұсқа
1. Дененің тыныштық энергиясы деген не?
2. Болашақтағы ғарыш кемесінің массасы 100 т, ал жылдамдығы 2·108 м/с. Кеменің релятивтік массасын анықтаңдар.
3. Электронның релятивтік массасы тыныштық массасынан 5 есе артық. Электронның кинетикалық энергиясы мен импульсін анықтаңдар. Электронның тыныштық массасы 9,1·10-31 кг.
4 нұсқа
1. Денені қыздыру кезінде оның массасының артқанын тәжірибеде бақылау неге қиын?
2. Егер тыныштықтағы дене массасы 3 кг болса, қозғалмай тұрған бақылаушы үшін дене массасы 5 кг болуы үшін, дене қандай жылдамдықпен қозғалуы тиіс?
3. Электронның тыныштық массасы 9,1·10-31 кг, ал қозғалыс кезіндегі жылдамдығы 0,8·c болса, электрон қандай импульске ие болар еді?
5 нұсқа
1. Дененің меншікті және релятивтік массасы деген не?
2. Тыныштық массасы 48 кг дене жылдамдығы 2,4·108 м/с. Қозғалмайтын бақылаушы үшін дененің релятивтік массасын анықтаңдар.
3. Қозғалыстағы электронның массасы тыныштықтағы массасынан 2 есе артық. Электронның кинетикалық энергиясы мен импульсін анықтаңдар. Электронның тыныштық массасы 9,1·10-31 кг.
6 нұсқа
1. Жарық сәулесін тоқтатуға бола ма? Неге?
2. Судың 0 0С температурадағы 103 кг/м3. Егер су бөлшегінің жылдамдығы 0,5·c болса, қозғалмай тұрған бақылаушы үшін судың релятивтік тығыздығы неге тең?
3. Егер денеге қосымша 9·1012 Дж энергия берілсе, дененің массасы қаншаға өзгерер еді?
Тип материала: | Неизвестен (pdf) |
---|---|
Размер: | 151.31 Kb |
Количество скачиваний: | 63 |