Самопрезентация учителя конкурс учитель самопознания

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Видеоуроки
Автор:

Армысыздар аяулы ұстаздарым

Оқушыға үйреткен бар білгенін

Бүгін мына қысқы бал сайысында

Бақ сынауға шығып тұрмын алдарыңа

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

Мейірімділікпен өткізген

Балалық шағым есімде

Менің өмірлік тарихым

Басталады мектепте

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-

Ұстаз болу - жүректің батылдығы,
Ұстаз болу - Сезімнің ақындығы
Ұстаз болу мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

Армандаймын, қалаймын

Кіші әлемім –отбасым

Аман есен өмір сүрсін

Биіктерден көрінсін деп

Шіркін уақыт аз ұстаздарда

Отбасына жетпейді

Бірақ сонда да тырысамын

Болуға балаларымның қасында

Білімсіз қатқан жансыз тас деп білсе,                                                   
Өнер-білім - қарны ашқа ас деп білсе,
Дүниенің теңізінде адасқанға
Тура жол көрсететін бас деп білсе.

Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса,                                                      
Басқаға мойын бұрса, көз салмаса -
Өнер-білім жер астында болса-дағы,
Бір жетер, жалықтым деп тастамаса.

«Өнерлі бала озады» деп

Болса екен өнерлі, өссе екен білімді деп

Күнде құйып, құлағына

Қайталаймын қызыма

Табиғатты сүйемін

Саяхатты ұнатамын

Балаларым, жұмысым, жолдасым мен әріптестерім

Міне менің кіші әлемім

Жан-жағына  нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Есіңде болсын  оның басы

адамгершілік пен мейірімділік

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегің жыли бастаса.

Есіңде болсын  оның басы

адамгершілік пен мейірімділік

 

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегің жыли бастаса

Есіңде болсын  оның басы

адамгершілік пен мейірімділік

 

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Осы бар айтар жаңалығым

Жақсылық тілеймін сіздерге

Амандық болсын елімізде

Осындай сайыстар бола берсін

Жеңімпаздар көп болсын

Білім ошағы көркейіп

Алтын белгі жылдан жылға көбейе берсін

 

Мұғалімдердің беделі көтеріле берсін

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 7.73 Mb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 81

Похожие материалы