Сан-до-ку және Судоку ойыны факультативтік курс 4 сынып (жоспар)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Сан-до-ку және Судоку ойыны

 

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың математика пәні бойынша логикалық ойларын дамыту, шындау,

 тез есептеуге бейімдеу

Сан-до-ку мен Судоку ойын тәсілдерімен таныстыру

     Сабақтың түрі, әдісі : Жаңа ұғыммен таныстыру.Сайыс сабақ

     Сабаққа керекті көрнекіліктер: презентациялар , дидактикалық материалдар мен ойындар, суреттер.

      Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты бүгін күн

Бәріміз тату болайық!

Бәріміз дос болайық!

 

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру. Қызығушылықты ояту.

І-1Қанша  мысық ?

Бөлменің төрт бұрышының әрқайсында бір мысықтан отыр.Әр мысыққа қарама -қарсы  үш мысықтан отыр. Бөлмеде қанша мысық отыр?

І-2 Қарындаштар.

Үстел  үстінде әртүрлі ұзындықтағы 3 қарандаш қатарынан жатыр.Ортадағысы – ең ұзын қарандаш.Осы ұзын қарандашқа тиіспей қалай оны ортадан алып тастауға болады.

І-3 Уақыт өлшемдері

Барлығы уақыт өлшемдері бола тұра ғасыр, жыл және сағаттан табылмай, минут пен секундтан табылатын не нәрсе?

І-4 Отырып жүру

Отырып –ақ жүре беретін кім?

І-5 Таяқ

Екі таяқтың 4 ұшы бар. Екі жарым таяқтың қанша ұшы бар?

І-6 Шегелер

Екі адам кетіп бара жатып 2 шеге тауып. алды.Олардың артынан 3 адам кетіп бара жатыр. Олар қанша шеге тауып алады?

І-7 Ұқсастық

Дөп-дөңгелек қарбыз дәл ортасынан екіге бөлген. Осы бөлінген  қарбыздың жартысы неге қатты  ұқсайды?

І-8  Сағаттың соғуы

Сағат 5 белгіні 4 с уақытта соғады.Ал 12 белгіні қанша уақытта соғады?

І-9 Қанша қаз

Бір топ қаз ұшып бара жатыр: біреуі алдында, екеуі артында; біреуі  артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір қатарда.Қанша қаз ұшып бара жатыр?

І-10 Жарық сөнгенде

Қыста қатты суықта саяжайдағы үйіне түн ортасында жеткен үй иесі келсе жарық сөніп қалыпты. Үйінде керосин шам,асханада тамақ дайындайтын газ баллонды пеш және алдын –ала  көмір –ағашын  дайындап кеткен үй жылытатын пеш бар. Қорапта 1 ғана сіріңке талы қалыпты. Үй иесі жоғарыда аталған заттардың қайсысын бірінші жағуға тиіс?

І-11 Қазандағы жұмыртқалар

Бір қазанда 4 жұмыртқа қайнап тұрған суда 4 минутта піседі.Осы қазанда  5 жұмыртқа неше минутта пісеі? 

І-12 Талдағы жұмыртқа

Алма ағашында жұмыртқа болуы мүмкін бе?       

ІІІ. Жаңа тақырыппен таныстыру.

X VІІ Сан-го-ку

Сан- го-ку – өте оңай логикалық ойын. Төмендегі қара шарларды бос жерлерге әрбір тік бағандағы цифрлардың қосындысы сол баған бойындағы төмендегі бесбұрыштағы санға, ал әрбір көлденең бағандағы цифрлардың қосындысы оң жақтағы бесбұрыштағы санға тең болатындай етіп орналастыру керек. 

Судоку-жапон ойыны.Ойында цифрлар пайдаланылады.Бір қарағанда қиын болып көрінгенмен қарапайым ережені біліп алған кейін оп-оңай.Судоку ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, мидың жұмыс істеуіндегі кедергілерді жойып, миға байланысты аурулары емдейді. Ғылымдардың ұсынысы бойынша СУДОКУ шешуді күнделікті әдетке айналдырған дұрыс.

Ойын жеңілдетілген ,орташа ,қиын және өте қиын деңгейлерден тұрады.

                             Ойын ережелері

Ойын 9*9 торкөзді шаршыда жүргізіледі.Бұл шаршы 3*3 торкөзді шаршыларға бөлінген.9*9 шаршы үлкен,ал 3*3 шаршылар кіші шаршылар деп аталады.

 

Ойынның мақсаты:

Бос тор көздерді 1-ден 9-ға дейінгі цифрлармен мынадай 3шарт орындалатындай етіп толтыру керек.

Кіші 3*3 шаршы цифрлар қайталанбайды.

Көлденен орналасқан цифрлар қайталанбайды және тігінен орналасқан цифрлар қайланбайды.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту.

(топпен сайысқа түседі)

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

V. Сабақты қорытындылау

- Балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Несімен ұнады?

(әр бала өз ойларын айтады)

        Топтарды марапаттау

     VІ. Үйге тапсырма беру

                  Сандоку тапсырмаларын үйден орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 84 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 155

Похожие материалы