Сан есім туралы түсінік .4- сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Базарбаева Айгуль Оразалиновна
|
Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сан есім туралы алған білімін пысықтау, сан есіммен байланысып
тұрған сөзді анықтай білу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, еске сақтау, талдау, саралау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, әдептілікке, сауаттылыққа
баулу.
Сабақтың түрі: талдау
Көрнекілік: ребус
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың жоспары
І Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан,
Кілең бестік аламыз.
Көркем жазу: Рр ризамын, ризасың, ризамыз, ...
ІІ Қызығушылығын ояту
Ребусты шешу арқылы сан атауын табады.Сол сан атауын қатыстырып, сөйлем құрастырады.
,, ,, ,,,
Алма хат бұғы (Алты)
Тақтаға бірнеше заттың санын, ретін білдіретін сөздер жазып, осы сөздердің қай сөз табы екенін, оған қандай сұрақтар қойылатынын, ол қай сөз табымен байланысатынын анықтап, түсіндіреді.
Алты, алтыншы, он екі, алпысыншы ...
ІІІ Мағынаны тану
1- жаттығуды жазбаша орындайды.
Сегіз, жиырма, елу бес, жүз, он бір, жетпіс жеті.
2- жаттығуда сан есімдерді тауып жазып, мың, бес, он сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.
IV Сергіту сәті
Секірді бақа жарбаңдап,
Аяқ қолы тарбаңдап,
Суға түсіп малтыды
Әдемі бір әнге сап.
Ква -ква, ква- ква.
3- жаттығу, 4- жаттығуларды талдай отырып орындайды.
V. Ой толғаныс:
Өткенді пысықтау
1, 7, 100, 1000, 3 сандар қолданылған мақал -мәтелдерді еске түсіріп жазыңдар.
Жеті санының қасиетін ашып түсіндіру
Өнер он іспен тең,
Өнерпаз он кісімен тең.
Төрт түлігің түгел болсын,
Төрт тұрманың сай болсын.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Жеті түрлі ілім біл,
Жеті жұрттың тілін біл .
Жеті рет өлшеп,
Бір рет кес.
Жүз адам мақтаған адам кісі жүз адамға татиды.
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.
VI Үйге тапсырма:
29-бет 3- жаттығуды тапсыру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.7 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |