Санды теңсіздіктердің қасиеттері. 10 сынып

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктердің қасиеттері

Сабақтың білімділік мақсаты: Санды теңсіздіктің қасиеттерімен  таныстыру және  оларды әртүрлі жағдайларда дұрыс жаза білуге, есептеулерде қолдана білуге үйрету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:Берілген тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйеге келтіру, математикалық тұрғыда сауатты жазып, оқуға дағдыландырып, оқушының зерделі ойын дамыту. 
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге, көпшіл сезім қалыптастыруға тәрбиелеу және өзінің білімін бағалай білуді үйрету. 

Сабақтың көрнекілігі: презентация- слайд, Е-кітапхана, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс 

Күтілетін нәтиже: Санды теңсіздіктердің қасиеттерін қолданып есеп шығара білулері
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, топқа бөлемін. І-топ:  Теңдеу. ІІ-топ: Теңсіздік.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

«Не білемін?»
Санды теңсіздік дегеніміз не?

Ол қалай жазылады? Санды теңсіздіктің сол жақ бөлігі, оң жақ бөлігі қайсы?  а және в сандарының қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін қалай білеміз? Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?

Жұлдызшаның орнына тиісті  теңсіздік белгісін қойыңдар.

1.Егер 5> 3 болса, онда 3*5

2.Егер 9 > 7 және  7 > 5 болса, онда 9 * 5

3.Егер 16 >12 болса, онда   

4. Егер 17 > 11 болса, онда

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру  «Не білгім келеді?»

Санды теңсіздіктің қасиеттері

1.Егер а саны в санынан үлкен болса, в саны а санынан кіші болады.

 Егер a>b болса, онда   b

Ереже: Теңсіздіктің оң жақ, сол жақ бөлігінің орындарын  ауыстырғанда теңсіздік  белгісін өзгерту керек.

2.      a>b және b>c   болса , онда a>c.

Ереже: Егер а саны b санынан үлкен болса және b саны с санынан үлкен болса, онда а саны с санынан  үлкен болады.

3. a+c>b+c

Ереже:Санды теңсіздіктің екі жақ бөлігіне де бірдей санды  қосқаннан теңсіздік өзгермейді.

4. a>b болса,  c – оң сан ,  ac > bc ,  a:c > b:c

Ереже: Теңсіздіктің екі жағын да бірдей оң санға бөлсек немесе көбейтсек теңсіздік өзгермейді.

5. a>b болса,  c – теріс сан,  

    ac < bc ,        a:c < b:c

Ереже:  Теңсіздіктің екі жағын да теріс санға көбейтсек немесе бөлсек, теңсіздік  қарама-қарсыға  өзгереді.

6. Егер a>b болса, онда             

               1/a <1/b

Ереже:Егер а саны в саны

нан үлкен болса, онда оларға кері сандардың таңбасы қарама-қарсыға өзгереді.

 

ІV. Бекіту. «Не білдім?»

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.1 Kb
Количество скачиваний: 50
Просмотров: 190

Похожие материалы