«Сарғайса да тарихтың ақ парағы...»
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кусайнова Айнур Кадиргалиевна
|
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, тылдағы еңбек туралы түсінік беру, Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктерін дәріптей отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойын еркін айта білу, өз бетімен қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Фото суреттер, флипчарт, түрлі түсті лента,
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Топтық жұмыс, шаңырақ әдісімен топқа бөлу, визуалды ақпараттармен жұмыс,кері рефлексия әдісі
Барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Көңіл күйлеріңіз қалай? Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше болады. Неліктен? Себебі бұл тәрбие сағатының тақырыбын өздерің анықтайсыңдар. Ол үшін интерактивті тақтадағы бейнебаянға назар салуларыңызды сұраймын. Осы бейнебаянға қарай отырып, сендер бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын қиналмай –ақ табасыңдар деп ойлаймын.
- Балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз қандай тақырыпта деп ойлайсыздар? (Оқушылар әр түрлі тақырыптар ұсынады)
-Иә, әрине, барлығыңыздың да ойларыңыз дұрыс. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз – Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысына арналады. Жаңағы сендердің айтқан тақырыптарыңды ести отырып, мен сендердің Ұлы Отан соғысы, оның тарихтағы орны туралы білетіндеріңді байқап тұрмын. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатын«Сарғайса да тарихтың ақ парағы...» деп атасақ қалай болады!? Себебі біз осы қанды қырғында ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер аталарымызды, олардың ерен ерлігін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақТип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 1.07 Mb |
Количество скачиваний: | 9 |