Сауат ашу Тақырыбы: «Балық»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бокина Хамида Мухаметуалиевна
|
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу Қорытынды сабақ
Тақырыбы: «Балық» сөзіне дыбыстық талдау жасау
Мақсаты: Сөз,дыбыс, буын турал ойларын жетілдіру. Дауысты, дауыссыз,дыбыстарды ажырата білу.Балық сөзіне дыбыстық талдау жасап, дыбыстарды белгілеу. Балалардың ой-өрісін,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту,сөйлем құрастыруға дағдыландыру.Топпен бірлесіп жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Қостілдік компонент:Балық –рыба
Аймақтық компонент: Біздің өлкеміздегі балықтар туралы білімдерін толықтыру.
Керекті құралдар: Балықтардың суреті, сурет-схем,указка,жұлдызшалар,текшелер.
Іс әрекет кезені
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру іздестіру
Шаттық шеңбері
Жарқырап күн ашылды
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Балалар бір-бірлеріне ыстық лебіз айтады,орындарына отырады.
Балалар бізге қонаққа су патшасы келді.
Сендерге көп тапсырма алып келіпті,оны орындауға дайынсыңдар ма?
1 тапсырма: Адамдар не арқылы бір-бірімен байланысады.
Сөйлем дегеніміз не?
Ал кім маған сөйлем құрастырып бергісі келеді?
2 тапсырма: Сөйлем неден құралады?
3 тапсырма : Сөз неге бөлінеді?
Тәрбиеші тақтаға бірнеше сурет іледі, балалар сол суреттерді алып, ол сөздерді буынға бөледі.
4 тапсырма: Сөз неден құралады?
5 тапсырма: Дыбыс нешеге бөлінеді?
Қандай дыбыстарға?
Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
Ал дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
6 тапсырма:
Жұмбақ жасыру
Суда өседі,өнеді,сыртқа шықса өледі.
Балық туралы кім тақпақ айтып береді.
Балықтар қайда тіршілік етеді?
7 тапсырма: Ендеше біз су патшасына балық сөзіне дыбыстық талдау жасап берейік.Бәріміз укзканы алып оқиық.
(2-3 бала шығып оқиды)
-Қанша үйшік?
-Қайдан білдіңдер?
-Тәрбиеші балалардың жандарына барып оқытады.
-Бірінші дыбысты қояйық.
-Ол қандай дыбыс?
Неге?
-Екінші дыбысты қояйық
-Қандай дыбыс?
-Неге?
-Үшінші дыбысты қояйық
-Қандай дыбыс?
-Төртінші дыбысты қояйық
-Қандай дыбыс?
-Бесінші дыбысты қояйық
-Қандай дыбыс?
-Неше дыбыс?
-Неше дауысты ?
-Неше дауыссыз?
Сергіту сәті
Біз жүземі көл астында,
Біз жүземіз көл үстінде,
Жүземі оңға,жүземі солға
Шоршимыз анда-санда.
8 тапсырма: «Балық» сөзін құрайық.(балалар бір-бірден шығып, «балық» сөзін құрайды) бір бала шығып оқиды.
-Енді сол дыбыстарды орнына қояйық
-«Б» дыбысын орнына қой
-«А» дыбысын орнына қой
-«Л»дыбысын орнына қой
-«Ы» дыбысын орнына қой
- «Қ» дыбысын орнына қой
Біздің өлкемізде балықтар барма?
Балықты орысша не деп айтамыз?
Ойын «Кім жылдам» «Б» дыбысы бар сөздер айту.
Тәрбиеші жылдам айтқан балаларға жұлдызшамен марапаттайды.
Қорытынды:
-Кім бүгін бізге қонаққа келді?
-Балалар біз бүгін не істедіек?
-Қай тапсырма сендерге ұнады?
-Қандай тапсырмадан қиналдыңдар?
-Қандай сөзге дыбыстық талдау жасадық?
Су патшасы балаларды мадақтап сыйлық береді.Қоштасып өз патшалығына кетеді.
Шаттық шеңберін жасайды
Сәлемдеседі
-Сөйлем арқылы
Балалар сөйлем құрастырады
-Сөзден
-Буынға
-Дыбыстан
Екіге
Дауысты ,дауыссыз
Қызыл
Көк
Балық
Бір бала балық туралы тақпақ айтады.
Суда
Указканы алып тәрбиешімен бірге оқиды.
-5
-Әр терезе бәр дыбыстын барын білдіреді
-«Б» дыбысы дауыссыз
Өйткені кедергімен айтылады
- «А» дыбысы дауысты
Ол созылып әндетіп айтылады.
-«Л» дыбысы дауыссыз
- «Ы» дыбысы дауысты
- «Қ» дыбысы
Дауыссыз
-5дыбыс
-2 дауысты
-3 дауыссыз
Балалар балық сөзін құрастырады.
Бар
Рыба
Сөздер құрастырады
Су патшасына
-Сөйлем құрастырдық
-Балық
Қоштасады
Күтілетін нәтиже: «Балық» сөзіне дыбыстық талдау жасауды.
Қандай түсініктерді игерді: Сөздегі дыбысты естіп,оны созып айтуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын меңгерді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.33 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |