«Сағынады Мұқанды сыздап жүрек» (поэзия кеші)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

Кештің мақсаты: М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Дамытушылығы: оқушының жан - жақты ойлануын, ізденуін дамыту, өлеңге деген ынтасын арттыру

Тәрбиелігі: адамгершілікке, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, оларды ұмытпай есте сақтауға үйрету.

Көрнекілігі: М. Мақатаевтың портреті, кітап көрмесі.

Өткізу барысы: кеш

Қатысушылар: 5-6 класс оқушылары

Ақынның «Арыз жазып кетейін» өлеңі оқылады.

1 - жүргізуші:

Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!

2 - жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен;

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.- деп біз бүгін заманымыздың жарқ еткен жұлдызы, лирик ақын М. Мақатаевтың шығармашылығына, өмір жолдарына арналған                                                     «Сағынады Мұқанды сыздап жүрек» атты поэзия - кешін өткізгелі отырмыз.

1 - жүргізуші:

 

Ия, Мұқағали ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол - бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 90.35 Kb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 173

Похожие материалы