«Сағындық, аға, әніңді!» Қазақстан Республикасы күніне орай, Шәмші Қалдыаяқовтың мерейтойына арналған кеш сценарийі.
Предмет:
Классному руководителю
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Аралбаева Ақтолқын Ғаббасқызы
Здесь была ссылка на работу «Сағындық, аға, әніңді!» Қазақстан Республикасы күніне орай, Шәмші Қалдыаяқовтың мерейтойына арналған кеш сценарийі. автора Аралбаева Ақтолқын Ғаббасқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Кеш жарық, өнер сүйер қауым! Егеменді еліміз –Қазақстан Республикасының туған күні құтты болсын! Осындай жарқын мереке қарсаңында сіздерге қазақтың біртуар талант иесі, қастерлі ұлдарының бірі- Шәмші Қалдыаяқовтың өмірі мен шығармашылығынан концерт беруді ұйғардық. Себебі үстіміздегі жылы Шәмші аға 75 жасқа толып отыр. Ендеше салтанатты ән мерекесіне қош келдіңіздер! Ән- «Шәмшіге арнау» ( Мырзахметов Мадияр) Қайран Шәмші! Тамылжыған тамаша әндеріңмен қаншама тыңдарманның жүрегінен орын тептің?! Аяулы ана, асыл жар, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, өзі елеусіздеу тірлік кешкен қазақтың асыл ұлдарының бірі – биыл 75 жаста. Ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі қазақ тыңдарманына қаншама тамаша әндер сыйлады. Шәмші әндерін білмейтін қазақ кем де, кем. Шәмші әндерін білмейтін қазақты қазақ деп керегі не?! Қазақ совет музыкасындағы анаға арнап ең алғаш боп ән жазғандардың бірі – Шәмші аға. «Ана туралы жырды» біз мектеп партасынан жаттап өстік.Осы бір тамаша әннің дүниеге келу тарихын тыңдап өтейік. ... Шәмшінің композиторлық атағы ел аралап кеткенде, оның ғазиз анасы кенетен айықпастай дертке тап болады. Өзінің бұл дүниелік емес екендігін сезген қайран ана баласын шақыртады. -Балам, - дейді кіреуке тартқан көздеріне жас үйірілген ана. Бұл өмірден жас кеттім, арманда кеттім демеймін. Жазмыш маған келіннің қызығын көруді, немере сүюді жазбапты. Тағдыр солай да, қайтейін. Бар тілеуім тек сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің, айтылмай жатып , үзілмесін, әнің ұзаққа кетсін. Батыл бол, балам! Анасының ақтық лебізін естігенде ғана, Шәмші өзінің отызға тақап қалғанын, әлі үйленбегенін, анасына еш қызық көрсете алмағанын ойлап егіледі. Анасы оған бар әлемнің жарығын сыйлапты, даланың бар гүлін жинапты... Шәмші анасының кеудесіне басын қойып жылап жібереді.