Сценарий на казахском языке "Жұлдызды кеш"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»

Категориясы: Тәрбие сағаты

Сценарий дайындаған тәрбие ісінің меңгерушісі Жакупова Гульмира Габдулловна

Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Жүргiзушi кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi ауен).

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 10 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
- Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

- Олай болса, осы вальс әуенiмен ұядан ұшар түлектердiң қоштасу кешiн бастайық!!!

(Музыка вальс)
Жүргізуші:
Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын - деп ортаға сынып жетекшiлерiн шақырамыз 11 сынып жетекшісі Оспанова Айгуль Иртаевна және 9 сынып жетекшісі Пшембаева Айту Тулеуовна

Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.62 Kb
Количество скачиваний: 130
Просмотров: 282

Похожие материалы