Сценарий по мини центру на тему "Жаңа жыл"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Тусупханова Асия Машраповна
|
КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛ ОРТАҒА!
Балалар залға көңілді әуенмен билеп кіреді.
Жүргізуші: Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды,
Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды.
Мен келдім есіктерді ашындар деп,
Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.
Бақшамызға шынымен де шырша келді,
Ойыншықтар, шам-шырақтарды өзіне ілді
Әдемі бейнесімен жайнап тұрып,
Бізге қуаныш пен шаттық әкелді.
Балалар,біз қандай мерекеге келдік?
Қыс айларын атап беріндерші,ал қыс құбылыстарын білесіңдер ме?
Қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.
«Жаңа жыл» әні айтылады
1 бала: Аспан жерге тогеді,ак күмісін уыстапДильназ
Жаңа жыл да келеді,бізге карай жақындап
Әдемілеп біз ілген,ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз,ән шырқайық бәріміз
Жалқаулықты тастайық,шырша тойын бастайық!
.2 бала: Аппақ тонға оранып Санджар
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
3 бала: Дала дала аппақ жапалақтапДарина
Қар жауып тұр тынбастан
Қалың орман,қар жамылған
Маужырайды түңгі аспан
4 балаАқ қырауға малынған. Жасұлан
Сақалы да,мұрты да
Аяз ата сағынған
Салем берді жұртына
5 бала Өлең де әзір,ән де әзір Анеля
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл басқарып
6 бала Жаң жылда барлық үйге
Аяз ата келеді
Жаңа жылда сәбилерге
Сыйлық әкеп береді
Балалар,қалай ойлайсындар, біздің мерекеде кімдер жетіспей тұр?
Аяз атамен Ақшақарды шақырайық:
Аяз ата: Алыс – алыс жерлерден,
Ормандардан, белдерден,
Биік- биік таулардан
Белес асып, баулардан,
Сыйымызды сендерге
Ұсынуға келемін.
Өнерінді көрсетсең
Хош алып, сый беремін!
Ақшақар: Асығайық, асығайық!
Мерекені қарсы алайық!
Шыршаның отын жағып,
Ойнап, күліп, шаттанайық!
Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекемізге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтады, кім өлең айтады, ал кім би билейді, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар?
7 бала: Аяз ата, Аяз ата!Карима
Біз сені көп күттік.
Сенімен бірге билеуге,
Бір жыл бойы армандадық.
8 бала Сендерді Аяз ата!Арген
Ұмытпайды, алайда,
Барлығымыз ортада,
Би билейік тағы да!
9 бала Тілеймін мен бар әлемге Асия
Жас коп болсын жанашыр
Ата-әже,ана-әке
Құтты болсын жаңа жыл!
10 бала Аспан жерге төгеді Ильяс
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай жақындап
11 бала Қыс келді,қыс иықтап Аселя
Қалады аюлар ұйықтап
Қыс келді,қыс мұз-қарлы
Қыраулы да ызғарлы
12 балаОртамызда шыршамыз Адияр
Би билейміз баршамыз
Сонша әсем,сонш бай
Ағаш бар ма шыршадай
Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар, бізге қонаққа сонау алыс орманнан әдемі шыршалар келіпті. Қане олардың биін тамашалайық!«Шыршалар» биі.
Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсембезендірілгенекен. Бәрі де сұлуланыпкетіпті.Шыршашамы жаңбай тұр жағайықшы,
Шырша шамы жанғаннан кейін ән «Орманда шырша өсіпті» әні айтылып, балалар шыршаны қол ұстасып, айналады.
Ән аяқталған соң, қорқынышты әуен ойнап, Қар ханшайымы кіреді.
Қар ханшайымы: Мейрамды тойлап жатсыңдар ма? Аяз атаға қуанып жүрсіңдер ме? Мені шақырмапсыңдар ғой! Ұмытып кеттік деп тағы да айтасыңдар ма? Аяз ата мені өзіңмен бірге неге алған жоқсың?
Аяз ата: Сен мында жаман ниетпен келетініңді мен білдім.
Қар ханшайымы: А, солай ма? Ендеше мерекені доғарыңдар!
Аяз ата: Сен не деп тұрсың? Сенің осыны айтуға қалай дәтің барды?
Қар ханшайымы: Қазір білесіңдер менің қалай ашуланатынымды!
Қорқынышты әуенмен Қар ханшайымы Аяз атаны айналып, оны бөкебаймен орайды да, залдан шығып кетеді.
Ақшақар: Аяз ата, Қар ханшайымы қандай қатал екен.
Аяз ата (сыбырлап-шепотом): Сондықтан да мен оны мерекеге шақырған жоқпын.
Ақшақар: Ата сізге не болды?
Аяз ата: Өзім түсінбей тұрмын (жөтеледі), даусым жоғалып кетті.
Ақшақар: Ата, бұл сұмдық қой! Балалар, сендер мынау кімнің ісі екенін білесіңдер ме?
Балалар жауабы: Иә, білеміз, ол Қар ханшайымының ісі.
Ақшақар: Енді біз не істейміз? Аяз атаға даусын қалай қайтарамыз?
Жүргізуші: Балалар, мүмкін сендер тақпақ айтып би билеп берсендер атамыздың дауысы орнына келетін шығар?
13 бала Қанадй қызық қыс деген? Алихан
Бәрін шебер істеген
Бақша бауды тауды да
Бояған ақ түспенен
14 бала Жаңа жылды қарсы алып Аяжан
Барлық бала ән салып
Ақшақар жүр би билеп
Қол соғады барша жұрт
15 бала Шыршамыз да керемет Әділхан
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған
16 бала Аппақ көше бар дала Нұржамал
Аппақ ой мен қыраттар
Ақ шатырлы қар қала
Ақ жамылып тұр бақтар
17 бала Қол ұстасп,құшақтасып Қазбек
Үйренейік жаңа жыр
Құтты болсын,құтты болсын
Құтты болсын жаңа жыл!
Енді ұлдарымыз«Жылан » биін билеп береді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, Аяз ата бірдеңе айтшы.
Аяз ата бірдеңе айтуға тырысады, бірақ ештеңе естілмейді.
Залға сыған әуенімен Мыстан кемпір кіреді. Оның шашы жалбырап тұрса да, бірақ сәнді киінген.
Мыстан кемпір: Ой жас болған едім мен де,
Сұлулықтың періштесі,
Жылдар өтіп бара жатыр,
Жастығымды құрыта.
Ақшақар: Сәлеметсің бе, апа!
Мыстан кемпір: Қайдан апа көріп тұрсың? (өзінше болып айтады). Мен күштімін, киінетін киімім Версаче, Дольче Габбано! Сендер де Жаңа жыл мерекесі ме?
Балалар: Иә!
Мыстан кемпір: Солай екен, шырша, балалар, Ақшақар, Аяз ата, бірақ неге сендер көңілсіз отырсыңдар?
Ақшақар: Аяз атамыздың дауысы жоғалып кетті. Ал онсыз, өзің білесің, Жаңа жыл Жаңа жыл емес.
Мыстан кемпір: Білемін! Аяз ата сен керек кезде неге ауырып қалдың? Жарайды, мен не текке мында келдім ба? Мен саған көмектесемін. Менде емдік шөп бар. Оны қайнатамыз және...
Ақшақар: Апа, қандай шөп? Аяз атаға ыстық ішуге болмайды, онда тұмау емес.
Мыстан кемпір: Не болды сонда? Маған бәрін түсіндіріңдерші.
(Ақшақар не болғанын Мыстан кемпірдің құлағына сыбырлап айтып береді. )
Мыстан кемпір: Мұнда өте қауіпті іс болып жатыр ғой. Қазір мен сиқырлы кітабымды қарайын, бірдеме табатын шығармын.
Біраз уақыттан соң
Мыстан кемпір: Ойбай, не істейміз? ештеңе жоқ қой мында.
Мыстан кемпірмен ойынКім шапшаң?
Залға Қар ханшайымы кіреді.
Қар ханшайымы: Ә, не істерін білмейсіңдер ме? Жарайды мен сендерге Аяз атаның даусын қайтаруға көмектесемін. Сендерге менің тапсырмаларымды орындау керек. Бірінші тапсырма: мен көз алдымда шығыс аруларын көргім келеді. Олар билесін. Ха-ха-ха, сендер осыны істей алмайсыңдар.
Ақшақар: Қателесесің Қар ханшайымы, біздің қыздарымыз саған шығыс биін билеп береді.
«Шығыс арулар» биі. Султан
Қар ханшайымы: Ооо! Сендердің қыздарың қандай тамаша! Жарайды, екінші тапсырма: жасырған жұмбақтарды шеше аласыңдар ма? Осы жұмбақтарды орманның тұрғындары маған жазып берді.
Қалтасынан үлкен конверт алып шығады.
Жүргізуші: Әрине, біздің балаларымыз өте ақылды. Олар жауаптарын тез тауып береді.
Қар ханшайымы: Ендеше тыңдаңдар:
Жұмбақ шештік енді тағы балаларымыздың тақпақтарын тындайық
18 бала О,алақай Аяз ата Айым
Кекле жатыр алыстан
Қане достар,әнге қосыл
Әнге қосыл қалыспа
19 балаЖаңа жыл армысың! Айғаным
Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оралды ақ көрпеге
20 бала Қанадй қызық қыс деген? Нұрдаулет
Бәрін шебер істеген
Бақша бауды тауды да
Бояған ақ түспенен
21 бала Шыршамыз да керемет Балжан
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған
22 бала Келді тағы жаңа жыл Ақнұр
Қуантады біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
Қар ханшайымы: Жарайсыңдар! Мына тапсырманы да орындап тастадыңдар. Келесі тапсырма ата-аналар үшін, ал олар орындай алмайды.
Жүргізуші: Сіз неге солай ойлайсыз?
Қар ханшайымы: Сендердің ата-аналарың ештеңе істей алмайды: билей алмайды, ән айта алмайды, ойындар ойнай алмайды...
Жүргізуші: Сіз олай айтпаңыз. Біздің ата-аналардың қолдарынан барлығы келеді.Өз тапсырмаңды айта ғой.
Қар ханшайымы: Ендеше тыңдаңдар: маған түрлі-түрлі би билесін.
Жүргізуші: Қане, ата-аналар шығып өнерлеріңді көрсетіңдер.
Қар ханшайымы 4 ата-ана шығарады. Ән қосылып, би биленеді.
Қар ханшайымы: Ой, балалар да, олардың ата-аналары да керемет қой! Бәрібір менің көңілім толмай тұр. Ендеше ойын ойнаймыз.
«Қатып қал» ойыны.
Қар ханшайымы: Маған сендердің ойындарың ұнады, бірақ маған тағы да бір би керек.мен билерді өте жақсы көремін, Мен сияқты қатал дардың биін көргім келеді.
Қар ханшайымы: Маған сендердің осы билерің қатты ұнады, мен Аяз атаның даусын қайтарып беремін.
Аяз атаға даусын қайтарып болған соң, Қар ханшайымы шығып кетеді.
Шыршы жыры ән
Аяз ата: Ой, балалар, сендерге үлкен рахмет, сендер болмасаңдар, менің даусым келесі жылға дейін болмаушы еді.
Ақшақар: Аяз ата, сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз ба?
Аяз ата: Жоқ, сен сыйлық туралы айтып тұрсың ба?
Ақшақар: Иә.
Аяз ата: Мен сендерге сыйлықтарды топта қалдырып кеттім. Ал қазір маған басқа балаларға баруым керек. Олар мені күтіп қалды. Жаңа жылдарың құтты болсын! Келесі жылда кездескенше! Сау болыңдар!
Ақшақар: Жаңа жылдарың құтты болсын!Сау болыңдар!
Жүргізуші: Балалар, осымен біздің мерекеміз аяқталды. Жаңа жыл құтты болсын. Барлығымыз топқа барайық. Сау болыңдар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 25.27 Kb |
Количество скачиваний: | 30 |