Сценарий праздника "Алтын күз"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сценарий воспитательного мероприятия "Алтын куз - Золотая осень". Для детей подготовительной группы с казахским языком обучения. Тақырыбы: Жомарт күз Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар. Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
- Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі қандай?
- Сары.
(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? 
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! 
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың, 
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін 
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет! 
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.


Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 45.5 Kb
Количество скачиваний: 49
Просмотров: 214

Похожие материалы