Сценарий праздника для детского сада "Наурыз"

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Балалар музыка арқылы кіреді.

Жүр: Армысыздар құрметті ата-аналар ақ жаулықты әжелер , балалар, қонақтар .бәрімізің асыға кұткен наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын !

Жүр : Бұл күн ата бабамыз, арғы тегіміз мындаған жылдардан бәрі тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі наурыз тойымыз құтты балсын ! ұлыстын ұлы күні деп аталған наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын тілектеріңіз қабыл болсын.

Жүр: Ал халайық, тұрмайық

Әнетейік жырлайық

Жүр: Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Бірге: Жырдан шашу шашайық

Әжелер музыка арқылы шашу шашады.

Жүр: Ал балалар сөз кезегін әдемі әнге берейік, тойымызды ән шашумен ашайық.

Ән :Наурыз

Жүр: Балалар сендер қандай салтәстүр білесінер кәне еске салайық.

Балалар : Бесік салу , тілашар тойы, тұсау кесер.

Баланың дауысы естіледі

Екі бала атқа мініп сүйінші сүйінші дүниеге ұл бала келді деп айғайлайды.

Әже шығады: Келіндер халайық, көптен күткен бүгін немере өмірге келді. Қалжа жасайық. Балаға ат қою рәсімін жасайық, келін әкел баланы. Алыстан келген қонақ атын қойсын .

Рауан : Сенің атын Наурызбек деп үш рет құлағына сыбдырлайды.

Жүр: Әже енді кішкентай Наурызбекті бесіке салайық кімге салғызамыз.

Әже : Жолым үлкен болсада, жолымды кішкентай қыздарға беремін ,қыздар салсын мен көмектесемін.

Жүр : Сендер тыйым сөздерді білесіндерме ?

Бос бесікті тербетпе.

Ел болам десен , бесігінді түзе.

Әже: Ал Азиза ең бірінші бесікті аластау керек .

Азиза аластайды:

Алас алас алас, пәледен алас

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас.

Жүр: Қыздар ұл баланың бас жағына не салу керек ?ал қыз баланың бас жағына не салу керек ?

Жүр: ал әже ендеше бесіке салайық

Әже Бесікке салу рәсімін жасайды

Қыздар: Бесік жырын айтады.

Әлди, әлди, ақ бөпем

Ақ бесіке жат бөпем,

Құйрығына той ,бөпем.

А-а-а-а-а

Әлди, әлди, ақ бөпем

Ұйқтай қойшы, көкешім.

Тербетейін , жата ғой.

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Жүр: Міне бесіке салу рәсімі осылай өтеді. Енді қара жорға биіне кезек берейік.

Би: қара жрға

Жүр: Елімізге қандай мереке келді, қандай тілектер айтуға болады қазақ халқына.

Наурыз келді еліме

Аяулым Наурыз келді жеріме

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Жүр: Балалар наурызға арнап айтыс дайындап келді .

Айтыс

Ата баба дәстүрін.

Аян Үйренуден қашпаймыз,

Айтыс десе сәнделіп,

Қыздар іздей бастаймыз.

Ерлан болып сен келсен,

Агуша Ақын агила мен болам.

Сәйгүлік болып сен шықсаң

Ақу құсын мен болам.

Біздің топтың ұлдары

Тимучин Шетерінен ақылды –ақ

Жұмбақ тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап .

Үй жабдығын бұл тойға

Амина Біздің қыздар сәндеді.

Қонақ күтіп ән салды,

Ұлдарынан кем бе еді.

Түрлендіріп қамшы өрсем,

Рауан Қыздарың тан қалады,

Күмбірлетіп күй шертсем-

Мұнда думан болады.

Мақтандың ғой жігітім,

Наргиз Өнерінді көрейік,

Көрсет сәнді қамшыңды,

Біздер баға берейік.

Иса Тойға барам деген соң

Домбыра ұстап жетіп ем.

Шашақталған қамшымды,

Үйге тастап кетіп ем.

Қалып қойса қамшыңыз,

Аружан Тағы тойға келерміз.

Сол қамшыны мына бізге

Сонда сыйға берерсіз.

Қоштасайық халықпен

Жанарыс Ақындарын пір тұтқан.

Сөз өнерін шөлдегенде,

Рақаттана бір жұтқан.

Жүр: Ендігі кезекті ойынға берейік. Арқан тарту

Ойын: Арқан тарту

Жүр: Осы тойымызда көңіл көтеріп , би билейік би тучка.

Би : Тучка

Жүр: Тойымызды әдемі әнмен жалғастырайық. Ақбозат әні.

Ән : Ақбозат

Жүр: Енді ақбозатқа отырып қыз қуу ойынын ойнайық.

Ойын: Қыз қуу

Жүр: Біздің балаларымыз дайындап келген биін қабыл алыңыз Би вальс

Би: Вальс

Жүр:Қазақтын әдемі әні дастарқан қабыл алыңыз.

Ән: Дастарқан

Жүр: Осы тойымызда біздің қонақтарымыз дәмді бауырсақпен, наурызкөжеден дәм тартсын.

Наурыз көже бауырсақ таратады.

Жүр: Бұрынғы замандарда халық ізгі тілек , ақ бата арқылы мақсат мұратқа жетуге болады деп сенген сондықтан қол жайып бәріміз ақ батамызды алайық.

Бата

Дастарқаныңа береке берсін.

Тимучин Бастарыңа мереке берсін.

Астарыңа адалдық берсін.

Бастарыңа амандық берсін,

Дендеріңе саулық берсін.

Наурыз құтты болсын!

Есіл қаласы

Наурыз мерекесі

Дайындаған: Енсебаева Л.К.

2015ж

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.99 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 190

Похожие материалы