"С"дыбысы және әрпімен таныстыру (Сауат ашу және жазу негіздері)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Калиева Айгуль Жакуповна
|
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: "С"дыбысы және әрпімен таныстыру.
Мақсаты: "С"дыбысы және әрпімен таныстыру; балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету; "С" дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру. Электронды планшет арқылы тапсырмаларды орындауды үйрету.
Көрнекі құралдар: суреттер, слайд, кеспе әріптер, Планшет, жұмыс дәптері
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, жұмбақ, сұрақ - жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: Әуеден ұшып келеді.
Билингвальды компонент: Сөз - слова, дауысты дыбыс - гласный звук.
Әрекеттер - кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ұйымдастырушылық - қозғаушылық
Балалар алдымен қонақтармен амандасып алайық!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Өте дұрыс балалар қазір жылдың қыс мезгілі.
Аптаның қай күні?
Бүгін бізде сауат ашу сабағы, өткен сауат ашу сабағында қандай әріптермен таныстық? (балаларға толық өткен әріптерді көрсете отырып, естеріне түсіру, қайталату) Жарайсыңдар!
"Б" дыбысынан басталатын сөздерді естерімізге түсіріп, қайталап айтып өтейік.
"Б"дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
Осы жерде тосыннан ескі қағылады. Ой, балалар бұл кім болды екен? Әуеден музыка әуенімен сары шар ұшып келеді.
Балалар тәрбиеші апайлармен амандасады.
Қыс мезгілі
Дүйсенбі
"Б" дыбысы мен әрпі
"Б"дыбысынан басталатын сөздерді қайталап айтады.
Дауыссыз дыбыс.
Балалар таңданып шарға қарайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Ғажайып сәт:
- Тәрбиеші таңдана қарап, балалар қараңдаршы әуеден ұшып келген шардың түсі қандай?
Сары.
Сары сөзі қандай дыбыстан басталады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.01 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |